қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2023

Шәкірттің жеткен жетістігі - ұстаз еңбегінің нәтижесі

 

Ғылым онкүндігі аясында Тарих және құқық институтында студенттер мен магистанттардың 77-ші ғылыми конференциясы өтті. Әлем тарихы кафедрасының оқытушысы Қалдыгүл Таспулатованың жетекшілігімен «Тарих-география» мамандығының 2-курс студенті Абдрахман Қожабай екінші орынды иеленді. Жүлделі орынға ие болған ғылыми жобаның тақырыбы - «Ленд-Лиз және оның антигитлерлік коалиция жеңісіндегі рөлі». Сонымен бірге, «Тарих-дінтану» мамандығының студенті Дамир Нұрмұхаш екінші орынды иеленіп, грамотамен марапатталды.


Әлем тарихы кафедрасы оқытушыларының ұйымдастыруымен «Ең ақылды» интеллектуалды танымдық сайыс өтті. Интеллектуалды танымдық сайысқа Абай атындағы ҚазҰПУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Тұран университеті, Қонаев атындағы көлік және құқық гуманитарлық университетінен 15-тен астам студенттер қатысты. Ойын 3 турдан тұрды. 1-ші іріктеу турында көп сұраққа жауап беріп, медаль жинаған студенттер 2-ші турға өтті. Шешуші турға ілінген мықтылардың ішінде Қалдыгүл Таспулатова эдвайзерлік жасайтын топтың студенті Азамат Тоқтасын да өз білімін жоғары деңгейде көрсете білді. Жеңістері құтты болсын!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу