қазақша · русский · english
 
 
 
01.12.2025

 

«Мирас» қайырымдылық іс-шарасы

 

2025жылдың 1 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультеті Әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы Мамырбаев Дидардың ұйымдастыруымен «Мирас» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды. Қайырымдылық іс-шараға 3 курс «6В01602 Тарих-Дінтану» мамандықтарының студенттері қатысты. Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК қызметкерлері арасында жасалып, студенттер сүйікті қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп жүрген жандарға жылы шұлықтар мен қолғаптар таратты. Қызметкерлер білім алушыларға өздерінің разылықтарын танытып, алғыстарын жаудырды.

  alt=  




Кері оралу