қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2025

 

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өз өмірлерін арнағандардың бәрін есімізде сақтаймыз!

 

2025 жылғы 11 желтоқсанда Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің Әлем тарихы кафедрасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге арналған «Тарихтың тар жолынан тәуелсіздікке жеткен ел» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.«6В01602 - Тарих-дінтану» мамандығының 3-курс студенттері аудиторияны қазақ халқының тәуелсіздік алғанға дейін жүріп өткен қиын және ауыр жолымен таныстырды. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық факультетінің деканы Г.К. Кенжебаев, оның оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Б. Асымова, Әлем тарихы кафедрасының меңгерушісі А.К. Шорманова, Құқықтану кафедрасының меңгерушісі Ж.Ю. Сайлибаева, Әлем тарихы кафедрасының ұстаздары - Ж.Нұрманбетқызы, Х.А.Сутеева, А.Ш.Махаева, Е.Т.Қалиева, Е.Нұрмұхан және құқықтану және Қазақстанның және орта ғасыр тарихы кафедрасының оқытушылары қатысты.Бұл іс-шара жақсы өтті және жаңа Қазақстанның өскелең ұрпағын тәрбиелейтін студенттеріміздің, болашақ тарихшылардың патриоттық рухын көрсетті.

  alt=  




Кері оралу