Әлем тарихы кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Әлем тарихы кафедрасы / Жаңалықтар
18.02.2019
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын талқылау
2018 жылдың 15 ақпанында Тарих және құқық институты «Әлем тарих» кафедрасының кезекті кафедра мәжілісі өтті. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 2018-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын талқылады. Мәжілісте стратегияның даму жоспары жөнінде Институт директоры, профессор Болат Жұмағұлов, онда көтерілген мәселелер жөнінде кеңінен баяндады. Әсіресе университеттің контингентін арттыру, білім алушыларды қызықтыратын жаңа білім беру бағдарламаларын дайындау, шетелдік әріптестермен ғылыми байланысты дамыту, қос дипломды қолға алуға ерекше назар аудартты. Сөз алған кафедра меңгерушісі, доцент Еркін Ермұқанов та бүгінгі таңда тұтынушылар құндылықтарына айрықша көңіл бөлу керектігін айта келе, қазіргі бәсекелестік заманда нарық талаптарына жауап беретін мамандар дайындау қажеттігіне тоқталды. Сондай-ақ бітіруші бакалавр, магистрлардың жоғарғы білімнен кейінгі оқуын өзімізде жалғастыруға ықпал ету үшін әріптестерін бүгіннен бастап жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|