қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2019

Өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің қорытындысы бойынша конференция

 

25 ақпанда Тарих және құқық институты «Әлем тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің 3 курс студенттеріне арналған «Оқу-тәрбиелік педагогикалық практиканың қорытынды» конференциясы өтті.

 

Конференцияны Тарих және құқық институтының директоры, профессор Болат Жұмағұлов ашты. Директор өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің студенттер үшін маңызды екенін атап көрсетіп, оларды өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибені сәтті аяқтағандарымен құттықтады. Келесі сөз кезектері «Әлем тарихы» кафедрасының меңгерушісі т.ғ.к. Еркін Ермұханов, институт бойынша педагогикалық практикаға жауапты әдіскер, т.ғ.к., профессор Жұмахан Нұрманбетқызына, педагогикалық практиканың жетекшілерінің бірі, т.ғ.к., аға оқытушы Гүлқыз Жусанбаеваға берілді.

 

Мансап орталығының қызметкері Ғазиза Абдуллаева студенттердің өндірістік-педагогикалық практика есебіне байланысты өз пікірін білдіріп, студенттер үшін бұл тәжірбиенің пайдалы болған деген сеніммен оларға болашақта білікті мамандар қатарында болуына тілегін білдірді.

 

Сөз кезегі 3-курс студент-практиканттары: Мадина Нұраханова, Мұратбек Нұрбай, Александр Бресниковқа берілді. Олар өздерінің іс-тәжірибені өту барысында сынақ және ашық сабақтарынан жинақтаған іс-тәжірбиелерімен бөлісіп, жұмыстарын слайд-шоу арқылы көрсетті.

 

Институт бойынша педагогикалық практикаға жауапты әдіскер, т.ғ.к., профессор Жұмахан Нұрманбетқызы өндірістік-педагогикалық іс-тәжірибенің есебіне байланысты конференция жұмысын қорытындылап, студенттерді іс-тәжірбиені сәтті аяқтағандарымен құттықтап, оларға алдағы болашақ кәсіби қызметте сәттілік тіледі.

 

Қорытынды конференцияда студенттер өздерінің іс-тәжірибе барысында жасаған жұмыстарына есеп берді. Өндірістік іс-тәжірибе студенттердің мектеп мұғалімінің қызметімен толықтай танысуына, олардың өз болашақ мамандықтарына деген қызығушылығын арта түсуіне, әрі бұл мамандықтың қаншалықты жауапты мамандық екендігіне көз жеткізуіне мүмкіндік берді.

 

Конференцияның соңы 3-курс «5B011400-Тарих» мамандығының студенттерінің орындауындағы «Ұстазым» әнімен аяқталды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  




Кері оралу