қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2019

«Спорт - денсаулық кепілі» спартакиадасы

 

2019 жылдың 30 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың профессор-оқытушылар құрамы арасында жалпыуниверситеттік «Спорт - денсаулық кепілі» спорттық спартакиадасы өтті. Университетіміздің спорт залында өткен жарыс бағдарламасында: шахмат, мини-футбол, волейбол, үстел теннисі бойынша спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды.

 

Дәстүрлі спорттық шараға университет қабырғасындағы барлық институттардың профессор - оқытушылар құрамынан жасақталған команда мүшелері спорттық ойындардың барлық түрлеріне белсене қатысты. «Спорт - денсаулық кепілі» спартакиадасы 4 спорт түрінен дәстүрлі институтаралық ойындар жарысы жоғары деңгейді өтті.

 

Институт құрама командаларына тиісті дәрежедегі дипломдар мен естелік кубогы табыс етілді. Әр спорт түрі бойынша командалар ең көп ұпай саны бойынша жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орынды - Өнер, мәдениет және спорт институты, екінші орынды - Тарих және құқық институты, үшінші орынды - Филология және көптілді білім беру институтының профессор-оқытушылары иеленді.

 

Спартакиада нәтижесі сәтті аяқталып, университет оқытушыларының спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, бірлікті нығайта түсті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу