Негізгі бет /
Хабарландыру
19.11.2024 «Білім беруді ақпараттандырудың теориялық және әдістемелік негіздері» халықаралық ғылыми вебинары 2024 жылдың 19 қарашасында Ресей білім академиясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (Алматы қ., Қазақстан) информатика және білім беруді ақпараттандыру кафедрасымен бірлесіп «Білім беруді ақпараттандырудың теориялық және әдістемелік негіздері» (Білім берудегі цифрлық технологиялар және жасанды интеллект) атты халықаралық ғылыми вебинар өткізеді.
Вебинар цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы және оларды білім беру саласына ауқымды енгізу жағдайында білім беруді ақпараттандырудың өзекті мәселелерін талқылауға арналған.
Қатысуға білім беруді ақпараттандыру саласындағы жетекші ресейлік, қазақстандық және шетелдік ғалымдар; білім берудің барлық деңгейлеріндегі білім беру ұйымдарының өкілдері; білім беруді ақпараттандыру саласындағы ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен жобалармен айналысатын студенттер, магистранттар, аспиранттар, ізденушілер, жас ғалымдар мен ғылыми-зерттеу ұйымдары мен жоғары білім беру ұйымдарының мамандары, сондай-ақ білім беруді ақпараттандыру саласындағы цифрлық технологияларды, атап айтқанда, білім беруде жасанды интеллектті қолдану мәселелерін зерттейтін өзге де ұйымдардың өкілдері шақырылады.
Өтетін күні: 2024 жылғы 19 қараша. Өткізу уақыты: 10:00 - 14: 00 (Мәскеу уақыты), 12:00 - 16:00 (Астана уақыты). Өткізу нысаны: онлайн-конференция. Трансляцияға сілтеме: https://rutube.ru/video/2408390203047b1a30bf083de4d7dd31/ Вебинар тілі: орыс тілі.
|