қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.11.2024

Қытай тілі және қытайтану кафедрасының ашылуы


2024 жылдың 27 қарашасында сағат 10.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде қытай тілі және қытайтану кафедрасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

 

Абай университетінде қытай тілін оқыту бағдарламасы 1994 жылдан бастау алды. 2013 жылдан бері қытай тілі бағдарламасы бойынша білім алған студенттер саны 800-ге жуық адамды құрайды. Соңғы жылдары қытай тіліне деген қызығушылық айтарлықтай өсіп, оны үйренуге бел буған білім алушылардың саны жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда Филология факультетінде қытай тілін бірінші шет тілі ретінде меңгеріп жатқан студенттер саны 120-ға жетсе, екінші шет тілі ретінде таңдағандар саны 180-ді құрайды. Жалпы алғанда, қытай тілі бойынша кафедрада 300-ден астам студент білім алуда.

 

Қытай тілін үйренуге деген қызығушылықтың артуына байланысты университет «Қытай тілі және қытайтану» кафедрасын ресми түрде ашып, жақын арада өз жұмысын бастамақ. Кафедраның қызметі қытай тілі мен мәдениетін терең меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді деп күтілуде.

 

Абай университетінің бастамасымен құрылған қытай тілі және қытайтану кафедрасы екі ел арасындағы халықаралық байланысты одан әрі нығайтуға бағытталған. Кафедраның ашылуы университеттің білім беру жүйесінің сапасын арттыруда, жаңа ғылыми зерттеулерді дамытуда, білім алушыларға терең білім мен дағдыларды беруде, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер жасауда маңызды қадам болмақ.

 

Кафедраның ашылу салтанатына Алматыдағы Қытай Халық Республикасы Бас консулдығының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Цзянси ғылым-технология педагогикалық университеттерінің басшылары, Қазақстанның Қытайтану орталықтарының профессорлары мен танымал ғалымдары, Абай университетінің басшылары, профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылары қатысады деп күтілуде.