қазақша · русский · english
 
 
 
 Жұмабаева Әзия Елеупанқызы
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Төле би көшесі, 31
 8-701-963-00-28, 12-09
aziya_e@mail.ru

 

Бастауыш білім беру кафедрасының бүкіл қызметі жоғары азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікке ие, кәсіби және ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыруға қабілетті және білікті:

- В003 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары бакалаврын;
- М003-«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары магистрін;
- D003 - «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламалары философия докторын (PhD) даярлауға бағытталған.

«6В013 - Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді дайындау» (бакалавриат) бағыты бойынша 4 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады:
- 6В01302 - Бастауыш білім бизнес инновациямен;
- 6В01303 - Бастауыш білім ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен (ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген бастауыш сынып мұғалімі);
- 6В01304 - Бастауыш білім көптілділікпен (көптілді меңгерген бастауыш сынып мұғалімі);
- 6В01306 - Бастауыш білім ағылшын тілінде.

«7М013 - Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» (магистратура) бағыты бойынша «7М01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (ғылыми-педагогикалық) білім бағдарламасы жүзеге асырылады.


«8D013-Пәндік мамандандырылмаған педагогтерді даярлау» (докторантура) бағыты бойынша «8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы жоғары кәсіби және зерттеу дағдыларын меңгерген бастауыш білім беру саласындағы болашақ PhD докторларды ғылыми-педагогикалық қызметке даярлауды жүзеге асырады.


Қазіргі таңда бастауыш білім беру кафедрасында 4 педагогика ғылымдарының докторы, профессорлар; 10 ғылым кандидаты, доцент, қауымдастырылған профессорлар; 1 ғылым кандидаты, аға оқытушы; 8 философия (PhD) докторы, аға оқытушылар; 1 Абай атындағы ҚазҰПУ доценті; 8 ғылым магистрі, аға оқытушылар қызмет атқарады.

 

Бастауыш білім беру кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы тәжірибелі мамандардан, республикамызға танымал ғалымдардан тұрады. Олар - жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқулық, оқу құралдарының, жалпы білім беретін мектеп оқушыларына арналған оқулық, оқу-әдістемелік кешендерінің авторлары.

 

Профессор-оқытушылар құрамының ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері сабақ үдерісінде, дәрістік және лабораториялық-практикалық сабақтар мазмұнында қолданылады.

 

Халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне сәйкес жүзеге асырылады.

 

Бастауыш білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен түрлі әлеуметтік тәрбиелік іс-шаралар жүргізіледі. Білімалушылар жыл сайынғы студенттік конференциялар мен университеттік және республикалық конкурстарға белсене қатысып, жүлделі орын иеленеді.

 

Бастауыш білім беру кафедрасының аудиториялары мен кабинеттері білім беруді ұйымдастырудың біліктілікке қойылатын талаптарына және мемлекеттік жалпы білім беру стандарты талаптарына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыздандырылған.

 

Кафедра тарихы