қазақша · русский · english
 
 
 
 Қыяқбаева Улбосын Қозыбаевна
Кафедра меңгерушісі
Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Төле би көшесі, 31
 8-701-362-68-68
kyakbaeva@mail.ru

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасы Педагогика және психология факультетінде үш деңгейлі мамандарды (бакалавриат, магистратура, докторантура) даярлау бойынша Қазақстанда жетекші орынға ие.

 

Бакалавриат бағыты бойынша білім беру бағдарламалары:

6В01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу,

2024 жылдан бастап 6В01204 - Мектепке дейінгі білім беру (IP),

6В01801 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану,

2023 жылдан бастап 6В01801 - Әлеуметтік педагогика.

Оқу мерзімі: күндізгі оқу - 4 жыл, 3 жыл, 2 жыл.

 

Магистратура бағыты бойынша білім беру бағдарламасы:

7М01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ғылыми-педагогикалық) - 2 жыл.

Докторантура бағыты бойынша білім беру бағдарламасы:

8D01201 - Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (ғылыми-педагогикалық) - 3 жыл.

 

Аккредитациядан өту (өткен жыл):

Өту мерзімі - 14.12.2022 ж. бастап 13.12.2027 ж. дейін НААР/IAAR (6В01201, 7М01201),

Өту мерзімі - 09.12.2019 ж. бастап 06.12.2024 ж. дейін НАОКО/IQAA (8D01201).

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының тарихы 1983 жылдан басталады, сол кезде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дефектология факультетінде Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогикасы кафедрасы құрылды. 1990 жылы қайта ұйымдастыру нәтижесінде бастауыш мектеп педагогикасы кафедрасы құрылып, оның алғашқы меңгерушісі белгілі ғалым, профессор Талғат Сабиров болды. Кафедраның бөлек  бағыт алуына сол кездегі педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі факультетін басқарған профессор Ромсейіт Қоянбаев үлкен қолдау көрсетті.

 

2015 жылы университеттің құрылымдық өзгерістеріне байланысты кафедраға мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының студенттері ауысытырылып, осы жылдан бастап «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасы деп аталады.

 

Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының жоғары рейтингісінің көрсеткіші - оның жетекші профессорларының ғылыми кеңестерге белсенді қатысуы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шешімімен, 2019 жылдан бастап Абай атындағы ҚазҰПУ-да философия докторы (PhD) дәрежесін беру үшін Диссертациялық кеңес ашылды.

 

Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы педагогика ғылымдарының докторлары, кандидаттары және PhD докторларынан тұрады: Қазақстан Республикасының психологиялық-педагогикалық білім беру және ғылымын дамытудағы еңбегі үшін Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталған - 2, «Ғылымды дамытудағы еңбегі үшін» - 2.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу (6В01201 (204), 7М01201 және 8D01201)» және «Әлеуметтік педагогика» білім беру бағдарламалары - педагогикалық кадрларды даярлау бойынша Қазақстанда бәсекеге қабілетті жетекші бағдарламалардың бірі болып табылады. Бұл білім беру бағдарламаларының IAAR рейтингі бойынша алдыңғы қатарда болуы - осының дәлелі.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейімен және ғылыми белсенділігімен ерекшеленеді. Кафедра оқытушылары халықаралық конференцияларға белсенді қатысып, өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін әлемнің беделді алаңдарында ұсынады. Бұл мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика саласында халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға және озық тәжірибемен алмасуға мүмкіндік береді. Оқытушылар Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қаржыландыратын ғылыми зерттеулерге қатысады, бұл олардың кәсіби өсуіне және ғылыми көкжиектерін кеңейтуге ықпал етеді.

 

Білім беру бағдарламаларын әзірлеу және жетілдіру ерекше назарда. Кафедра оқытушылары білім беру бағдарламаларын әзірлеуге белсенді қатысады, бұл олардың халықаралық талаптарға және қазіргі білім беру кеңістігінің қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Бұл түлектердің еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін және олардың кәсіби тұрғыдан сәтті жүзеге асуына мүмкіндік береді.