қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
13.12.2024

Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысы өтеді

 

2024 жылғы 23 желтоқсанда сағат 10.00-де Филология факультетінің Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының кеңейтілген отырысында Арын Ержан Омарұлының «6D0213-Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алуға арналған «Қазақ тіліндегі «Дау концептісінің семантикалық құрылымы мен лингвомәдени мазмұны» тақырыбындағы диссертациялық жұмысы талқыланады.


Отырыс офлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы ҚазҰПУ-да орындалған.

Қорғау тілі - Қазақ тілі.


ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:

Балтабаева Жаңалық Қылышқызы - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Фикрет Туркмен - доктор, профессор, Еге университеті (Измир, Түркия).


РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР:

Мусатаева Манаткуль Шаяхметовна - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Қасым Балқия - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан);

Жиренов Саян Аманжолұлы - филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы, Қазақстан).


ZOOM https://zoom.us/j/92981401307?pwd=SyOyutHSgLWfix5abKGfPz6YXgtUaj.1

ID: 929 8140 1307

Код: 1234

Мекенжайы: 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 13. Бас оқу ғимараты (4 қабат, 412 кабинет).