қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.03.2019

Тарих және құқық институтының оқу-әдістемелік семинары

 

28 наурызда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Шымкент университетінің «Құқықтану» мамандығының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері «Адам құқығы және оны заңмен қорғалуы» тақырыбында онлайн режимде семинар өткізді. Семинарды ұйымдастыруға Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратқазин, «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушылары Алия Қасымбек пен Гакку Рахимовалар ат салысты.

 

Семинар барысында Шымкент университетінің ғылыми істер жөніндегі проректоры Ғалымжан Битұрсын мен «Құқықтану» кафедрасының аға оқытушысы Алия Қасымбек тақырыпқа қатысты жан-жақты талдау жасап, көптеген мағлұматтар берді. Студенттер толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, білімдерін шыңдады. Алғашқы рет ұйымдастырылған жаңа форматтағы семинар өте жоғары деңгейде өтті.

 

   

 

   

 

Тарих және құқық институты