|
| |
Кафедра құрамы: 5 ғылым докторы, профессор; 4 педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, 1 филология магистрі, 1 аға оқытушы. Кафедраның басты міндеті: мамандардың жаңа буынын - ұлттық сана-сезімі, азаматтық, отансүйгіштік қасиеттері жоғары, ұлт мәдениетін дамыту мен сақтаудағы жауапкершілікті сезіне білетін, тарихи ой-өресі жетілген, өзге мәдениет өкілдерімен жүйелі сұхбат құра алатын қоғам мүшелерін тәрбиелеу. Кафедра оқытушылары өткізетін пәндер блогы: «Қазақ елі» (2 кредит) - 1 курс; «Әдеп негіздері» (1 кредит) - 1 курс; «Абайтану» (1 кредит) - 1 курс; «Өзін-өзі тану» (2 кредит) - 2 курс; «Этнопедагогика» (2 кредит) - 2 курс.
Кафедраның оқытушы-профессорлық құрамы материалдардың электронды базасын қалыптастыру бойынша жұмыстармен жүйелі түрде айналысады. Білім беру стандарттары, оқылатын пәндер бойынша типтік бағдарламалар, оқулықтар мен оқу құралдары дайындалады, жыл сайын пәндердің оқу-әдістемелік кешені жаңартылып отырады. Кафедра мүшелері: «Педагогика және психология», «Ұлттық тәрбие», «Отбасы мен мектептегі тәрбие» журналдарының редакциялық алқасына мүше; Отандық жоғары оқу орындарында, сондай-ақ таяу (Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Екатеринбург және т.б.) және алыс (Франция, Гремания, Түркия, Ұлыбритания, Китай т.б.) шет елдердегі білім ордаларында әрдайым біліктіліктерін арттырып отырады; студенттерге тәлім береді; студенттер, магистранттар мен докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік етеді; ҚР БҒМ іргелі және қолданбалы жобаларына, сонымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының гранты аясындағы жыл сайынғы ғылыми жобаларға белсене қатысады. Кафедра қызметкерлері жүзеге асыратын ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері ғылыми жарияланымдарда көрініс тауып, семинарларда, республикалық, халықаралық деңгейлердегі ғылыми-теориялық және ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалады. Кафедра ұжымы білім алушы жастардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру, болашақ маман тұлғасының зияткерлік әлеуетін дамыту мәселелері бойынша зерттеулермен айналысады. Жүргізілген зерттеулер аясында Студент жастарға ұлттық тәрбие беру тұжырымдамасы, «Ұлттық тәрбие» пәнінің типтік бағдарламасы, ұлттық тәрбие бойынша дәрістер курсы дайындалды, «Жоғары мектепте ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастыру» атты ғылыми еңбектер жинағы жарық көрді. 2013-2014 оқу жылында кафедрада «Қазақ елі» - жаңа дәуір жобасы» Тұжырымдамасын дайындауға бағытталған маңызды жұмыс іске асырылды. Аталған Тұжырымдама ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдаулары мен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы аясында болашақ мамандарға ұлттық тәрбие беру ісін жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар беру туралы ЖОО ректоры, академик С.Ж.Пірәлиевтің тапсырмасына сәйкес дайындалды. 2014 жылдың қазан айында «Қазақ елі» - жаңа дәуір жобасы» Тұжырымдамасының негізінде барлық мамандықтардың 1 курс студенттеріне арналған «Қазақ елі» (қазақ және орыс тілдерінде) эксперименталды оқулығын дайындау ісі толығымен аяқталды. 2014 жылдың қараша айынан бастап «Мәңгілік ел және өзін-өзі тану» кафедрасының негізінде «Студент жастарға ұлттық тәрбие берудің ғылыми негіздері» Орталығы ашылды. Орталық кәсіптік білім мен ортақ мүдделерге негізделген, отандық және халықаралық педагогикалық қауымдастықтың демократиялық дәстүрлерін жалғастырушы әрі өрбітуші отандық және шетелдік жетекші ғалымдардың шығармашылық педагогикалық бірлестігі болып табылады.
|