қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.03.2019

Тоғызқұмалақтан қалалық жарыс


2019 жылдың 28 наурызында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уцниверситетінде Жастар жылы аясында Алматы қаласы жоғару оқу орындары студенттері арасындағы тоғызқұмалақтан жарысы өткізілді. Ұлттық ойын жарысына Алматы қаласының іргелі 9 жоғары оқу орнынан 27 спортшы-студент қатысты.


Шараны университет ректоры Такир Балықбаев ашып, тоғызқұмалақ -қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойыны және жастардың интеллектуалды дамуына үлкен септік тигізетіндігін тілге тиек етті.


Одан әрі, «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мұхиддинұлы тоғызқұмалақтың мәні мен мазмұнына тоқталып, баршақатысушыларға сәттілік тіледі.


Жарысқа Абай атындағы ҚазҰПУ-дің «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Нұрахын Ерубаев және Мира Иралина, Абуджан Надыров, Асылхан Абишев, Нұрбол Белгожаев сынды профессор-оқытушылар құрамы төрешілік жасады.


Жарыс нәтижесі бойынша ІІІ орынды Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің командасы жеңіп алса, ІІ орынды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің командасы иеленді. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасы өзге командалардан озып шығып, І орынға орналасты. Барша жеңімпаздар университет ректорының арнайы дипломы және ақшалай сыйақымен марапатталды.


Сонымен қатар Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенті Самад Сүлеймен, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенті Аружан Рахматуллаева және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Алмат Құрмансеитов «Үздік ойыншы» номинациясымен және ақшалай сыйақымен марапатталды.


Осылайша, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылған тоғызқұмалақтан жарыс жастардың ұлттық ойын түріне деген қызығушылығын арттыра түсті.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департамент