«Үздік жыл психологы» республикалық конкурсы
Кафедраның оқу- әдістемелік жұмысы
«Заманауи қоғамдағы психологиялық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
2018 жылдың 29-31 наурыз аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойы қарсаңында жалпы және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен психология ғылымдарының докторы, профессор Алма Ақажанова 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи қоғамдағы психологиялық ғылым және практика: мәселелер, тәжірибе, болашақ» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Мерейтой иесі Алма Ақажанова - психология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері, Ж. Аймауытов атындағы сыйлық иегері, «Қазақ психологиялық қоғамының» басты мүшесі, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Диссертациялық кеңес мүшесі, Дербес тұлға /ХХ-ХХI ғасырлардағы «Жаңашыл-педагогтар» және «Ғылымға арналған өмір» Энциклопедиялық кітаптарға енген ғалым.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға Ресей, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның зерттеуші ғалымдары мен практик психологтары қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Конференцияның пленарлық мәжілісінде оқу ісі жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, Педагогика және психология институтының директоры Берікжан Әлмұхамбетов, профессор Жәмиля Намазбаева, Батыс-Европалық психоанализ институтының профессоры, психоаналитик, отбасылық және жұптық психотерапевт Елена Змановская (Ресей), Ходжатепе университетінің профессоры Дидем Кошар (Түркия), Гази университетінің профессоры Серкан Кошар (Түркия), Алтай мемлекеттік университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Марина Фроловская (Ресей), Қазақ психологиялық қоғамының президенті, профессор Мұқан Перленбетов, профессор Жахан Молдабеков, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының профессоры Абай Дүйсенбаев, ҚазҰПУ-дың жалпы және қолданбалы психология кафедрасының меңгерушісі Ақмарал Сатова баяндама жасап, психологиялық ғылым мәселелерін көтерді, мерейтой иесінің игі істерін, ғылыми еңбектерін атап өтіп, тілектерін білдірді. Ал секциялық жұмыстарда «Психологиялық ғылым және практика тұлғаның кәсіби іс-әрекетінің саласы: тарихы және даму беталысы», «Ұлттық «Мәңгілік ел» идеясы контексіндегі тұлғаның рухани-адамгершілік дамуының психологиялық негіздері», «Психологиялық зерттеулер мен практикадағы инновациялық технологиялар», «Психологтарды кәсіби даярлаудың және құзіреттілігін көтерудің өзекті мәселелері» бағыттары бойынша ғылыми мақалалар тыңдалып, талдау жасалды.
Конференцияның екінші және үшінші күндері Елена Змановская, Алия Байздрахманова, Нұрсулу Бегалиева, Динара Бейсинбаева, Гульмира Момбиева, Айнура Садреймова, Радмила Гузаировалар шеберлік сыныптары мен тренинг-жаттығуларын жүргізіп, девиантты мінез-құлық, отбасы психологиясы бағыттарында практикалық құнды мәліметтер берді.
Қатысушылардың бағалауы бойынша конференция теориялық және практикалық тұрғыда заманауи сұранысқа сай мазмұнды және өте қызықты өтті. Конференцияның соңында Резолюция талқыланып, қабылданды.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары студенттерінің арасындағы психология бойынша
2018 жылдың наурыз айының 28-29 аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында жоғары оқу орындары арасындағы психология бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті.
Олимпиадаға қатысуға Қазақстанның ЖОО «5В050300 - Психология» мамандығы бойынша, психология пәнінен жоғары оқу орындарының арасындағы (бірінші кезең) пәндік олимпиаданың жеңімпаз 2-4 курс студенттері шақырылды.
Олимпиада жеке және топтық түрде, қазақ және орыс тілдерінде өткізіліп, жеке көрсеткіштер бойынша бағаланды. Топ үшін номинациялар қарастырылған. Олимпиада төрт кезеңнен тұрды: 1 тур. Негізгі пәндер бойынша пәндік тестілеу (жазбаша тапсырма). Жекетапсырма. Олимпиадаға қатысушылардың теориялық білімін тексеру; 2 тур. Практикалық тапсырма «Психодиагностика»: Психологиялық тест мәліметтерінің негізінде клиенттің/пациенттің психологиялық профилін құрастыру (жазбаша тапсырма). Топтық орындау. Ғылыми және практикалық іскерліктері мен дағдыларын бағалау; 3 тур. «XXI ғасырдағы психолог мамандығы» тақырыбындағы әр команданың жарнамалық бейне роликтерін көрсету. Бұл үй тапсырмасы. Топтықорындау. Қазіргі кездегі психолог мамандығының маңыздылығын және оның даму перспективаларын көрсету қабілетін бағалау; 4 тур. Спорттық форматта отетін Психологиялық викторина «Не? Қайда? Қашан?». Топтық орындау. Психология және психологтар туралы логикалық сұрақтар. Психология саласында атаулы күндерді, атауларды, оқиғаларды білудегі жалпы білімдерін бағалау.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушысы Елнура Ауталипова жетекшілігімен «Психология» мамандығы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ командасын келесі студенттер құрды:
Біздің университеттің студенттері психология бойынша жоғары деңгейде білімдерін көрсетіп, барлық турларды сәтті өтіп, өз оқу орнын абыроймен танытты.
Абай атындағы ҚазҰПУ командасы «Психология» мамандығы бойынша X Республикалық пәндік олипиадада «Психология мамандығы туралы үздік видеоролик» номинациясының жеңімпазы ретінде құрмет мадақтамамен марапатталды. Жеке көрсеткіштер бойынша «Психология» мамандығының 3 курс студенті Темірлан Турлықожа III-орынға ие болып, Министрлік дипломымен марапатталды.
Біздің бейнероликті келесі сілтеме арқылы көре аласыздар
Абай атындағы ҚазҰПУ жалпы және қолданбалы психология кафедрасы «Өмірдегі дағдарысты және қиын жағдаяттардағы тұлға» IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны бірлесіп ұйымдастырушы
2018 жылдың 22-23 ақпан күндері ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде жалпы және қолданбалы психология кафедрасы А.С. Макаренко атындағы Сумск мемлекеттік педагогикалық университетінің психология кафедрасымен бірлесіп, «Өмірдегі дағдарысты және қиын жағдаяттардағы тұлға» тақырыбында IV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып өткізілді. А.С. Макаренко атындағы Сумск мемлекеттік педагогикалық университеті - Украинаның жетекші ғылыми және білім беру орталықтарының бірі. Конференция мақсаты: Адамның дағдарысты және өмірлік маңызды жағдаяттарын теориялық және әдіснамалық негіздерін зерттеу және психологиялық көмек көрсету болып табылады. Бұл конференцияда: 2. Конференция материалдары жинағы жалпы және қолданбалы психология кафедрасының оқытушыларының 8 мақаласын қамтиды: 1. Сатова А. К. 2. Момбиева Г.А. 3. Надирбекова А.О. 4. Кудушева Н.А. 5. Тукебаева С.А. 6. Садреймова А.Ж. 7. Дауткалиева П.Б. 8. Лимашева Л.А.
Психология бойынша студенттердің пәндік олимпиадасы
16 ақпан, 2018 жылы Педагогика және психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасы психология бойынша университеттегі студенттердің пәндік олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға «5В050300-Психология» мамандығында оқитын қазақ және орыс бөлімдерінің 30 студенттері қатысты. Олимпиада 2 турдан тұрды: бірінші - тестілеу, екіншісі - ғылыми жобаларды қорғау. Олимпиаданың жеңімпаздары 2 турдың қорытындысымен жинаған ең үлкен ұпайлар бойынша анықталды. 1, 2, 3, 4 орын алған студенттер мадақтамамаен және ынталандыру сыйлықтармен марапатталды. Комиссия ең үздік студенттерді таңдап, ЖОО арасындағыпәндік олимпиадаға қатысу үшін ұсынылды: І тур - тестілеудің нәтижесі бойынша:
ІІ тур - ғылыми жобаларды қорғаудың нәтижесі бойынша:
Орындаған Ауталипова Е.Н.
2017 жылжың 24 ақпанында п.ғ.к., доцент Илахунов Карим Турсыновичтың 75 жасқа толу мерейтойына байланысты Педагогика және психология институтының директоры профессор Альмухамбетов Берікжан Айткулович және кафедраның профессор-оқытушылар құрамы құттықтау салтанатты кешін ұйымдастырды.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының «Психологиялық жұмыстағы арт-терапия» ғылыми үйірмесі 2017 жылдың 14 ақпанында студенттердің сұрауы бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ педагогика мен психология институтының жалпы және қолданбалы психология кафедрасының п.ғ.к., аға оқытушы К. К. Түсіпбекованың жетекшілігімен «Психологиялық жұмыстағы арт-терапия» ғылыми-қолданбалы үйірмесі
Кафедра « |