қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
04.10.2016

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Құрметті әріптестер!


Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауында айтылған дағдарысқа қарсы басты стратагема «үш қарапайым, бірақ маңызды - өсім, реформалар, даму» ұғымдарымен үндесіп, бүгінгі қазақстандық жоғары, орта және бастауыш кәсіби білім беру жүйесінің алдына жаңа үндеулер мен міндеттер қойып отыр.
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 2016 жылдың 4 қараша күні отанымызға белгілі ұстаз, ғалым, ЖОО-нда білім беруді ұйымдастырудың шебері Қуандық Досмағанбетұлы Жоламановтың 85-жылдығына арналған «Жоғары педагогикалық білім: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми- тәжірибелік конференциясын өткізеді.
Конференцияның келесідей секцияларында педагогика ғылымның заманауи өзекті мәселелері қарастырылады:
1- секция: Орта мектептің жаңартылған мазмұны шеңберіндегі педагогикалық білім.
2- секция: Үш тілді білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасын іске асыру жағдайындағы қазіргі педагогтардың даярлығы.
3- секция: Инклюзивті білім - беру педагогикалық төзімділіктің негізі.
Конференция материалдары жинақ түрінде жарық көреді (pdf түрінде).
2016 жылдың 05 қазанға дейін ұйымдастыру комитетінің zholamanov.konf@mail.ru электрондық мекен-жайына баяндама мәтінін (файл атауы: секция №_мақаланың бірінші авторының тегі_мақала; мысалы: 1_Бакенеев_мақала); мақаланы жариялау туралы өтінім (өтінім нысаны бар); төлем құжатын (сканерленген, файл атауы: секция №_ мақаланың
бірінші авторының тегі_ төлем, мысалы: 1_Бакенеев_ төлем) жіберулеріңізді сұраймыз.
Баяндаманы дайындау барысында келесі ережелерді басшылыққа алуын сұраймыз. Толық 4 параққа дейінгі баяндама мәтіні Winword мәтіндік редакторында терілуі тиіс, RTF форматы, Times New Roman шрифті, жоларалық интервал - 1, әріп өлшемі - 14, барлық шеттері - 20 мм. Атауының ресімделуі: МАҚАЛА АТАУЫ (қою сиялы бас әріптермен, жолдың ортасына); бір жолдан соң (ортасы бойынша тегістеу) автордың аты мен әкесінің атының бас әріптері; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - ЖОО, қала атауы; келесі жолда (ортасы бойынша тегістеу) - E-mail байланыс үшін; 1 жолдан соң - андатпа (100-150 сөз), 1 жолдан соң - баяндама мәтіні.
Әдебиеттердің сілтемесі мәтінде келтіріледі: тік бұрышты жақшада әдебиеттер тізіміндегі номері және беті, мысалы: [1: 25]. Әдебиеттер тізімі («Әдебиеттер» атауымен) мақаланың соңында дәйексөз реті бойынша келтіріледі.
Ғылыми дәрежесі жоқ авторлар баяндамаларына ғылым докторы, ғылым кандидаты, PhD қолы қойылған рецензияны (сканерленген түрде; jpg формат) қоса ұсынсын.
Көрсетілген мерзімге дейін жіберілген материалдар ұйымдастыру комитеті шешімімен қарастырылады. Мерзімнен кеш берілген немесе талаптарға сәйкес толтырылмаған материалдар қарастырылмайды және кері қайтарылмайды. Студенттердің жұмыстары қабылданбайды.

 

Толық ақпараттық хат