Арнайы білім беру кафедрасының 2016-2017 оқу жылының жарты жылдық тәрбие жұмысының есебі.
2016-2017 ж.ж. оқу жылының жарты жылдық тәрбие жұмыстары Арнайы білім беру кафедрасының біртұтас бекітілген оқу тәрбие жұмысына сәйкес өтті. 1.Ұйымдастырылған жұмыс: Арнайы білім беру кафедрасының тәрбие жұмыстары бойынша профессор оқытушылар құрамынан тәрбие жетекшілері сайланады. Тәрбие жетекшілерінің саны 42, оның 29-ші Арнайы білім беру кафедрасының профессор оқытушылары құрамы мен қызметкерлері және 7-і Жалпы және қолданбалы психология кафедрасынан. 6-і басқармадан. Студенттер саны 369. Оның 20-сы магистранттар. Тәрбие жетекшілеріне 8 студенттен бөлінді. Тәрбие жетекшілері өздеріне бөлінген 1-4 курс студенттер арасынан топ мүшелері сайланды. Әр топтың және тәрбие жетекшісі осы жылғы біріккен жұмыс жоспары жасалды. 1-4 курс студенттерімен бірінші тәрбие сағатты топтағы студенттердің тұрғылықты мекен жайымен танысты, және осы курстарда оқу ісін ұйымдастыру туралы әңгіме болды. 1-курс студенттеріне университеттің және институттың ішіндегі тәртіпті сақтау, сабақ кестесімен таныстырылды. Жатақханада тұратын студенттерге, жатақханада тұру тәртібін түсіндіру жұмысы жүргізілді. Арнайы білім беру кафедрасының бекітілген тәрбие жұмыстары бойынша топ институттың және университеттегі мерекелік шараларға қатысты. Университеттің ұйымдастырылуымен «1-қыркүйек Білім күні» мерекелік шараға көрермен ретінде қатысып тамашаладық. Мерекелік кеш аяқталған соң 1курс студенттерін, Педагогика және психология институтының ғимаратымен және Арнайы білім беру кафедрасының профессор оқытушылары құрамымен таныстырылды. Студенттерді тәрбие жетекшілері мен эдваизрлерімен таныстырды. Мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру мақсатында Қ.Қ. Өмірбекова «Ана тілім - бабам тілі, өз тілім» атты тақырыпта ашық тәрбие сағатын 3 курс қазақ және орыс бөлімдерінің студенттерімен тәрбие сағатын өткізді. Педагогика және психология институтының жоғарғы курс студенттерінің ұйымдастыруымен 1- курс студенттерін «Студенттік қатарға қабылдау» мерекесін 13.10.2015 ж. атап өттік.
Арнайы білім беру кафедрасының оқытушылары Өмірбек С.Ж., Малдыбаев К.Б. ұстаздар күніне арналған «Ұстаз аты - биік әрі мәңгілік» мерекелік кеш өткізді. Сондай-ақ жоспарға сәйкес 25.11.16ж. кафедраның меңгерушісі А.Н. Аутаева және аға оқытушы А.Д. Нурланбекова «Алматы қаласының 1000» жылдық мерей тойы арналған концерті арнайы білім беру кафедрасының магистрантарымен бірігіп өткізді. 1-2 курс студенттеріне кафедрамыздың медицина ғылымдарының профессры А.А. Тайжан «Нашақорлық ғасыр дерті» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. 14. 10.2016ж. кафедраның оқытушылары Завалишина О.В., Бутабаева Л.А. «Мамандығым - мақтанышым» тақырыбында мерекелік кеш ұйымдастырып өткізді. 1-желтоқсан- Президент күніне орай «Елбасы еңселеткен Елорда» тақырыбында тәрбие сағаттары Байдосова Д.Қ. 2-3 курстармен өткізді. 05.12.16ж. Еліміздің тәуелсіздігімізге орай Жақанбаева Б.Б., Жалмухамедова А.К. 1-4 курстармен «Тәуелсіздікке - 25 жыл» атты салттанаты кешті өткізді. 09.12.16ж. К.Б.Малдыбаев және А.Д. Нурланбековадың ұйымдастыруы мен Дефектология мамандығына 40 жыл атты мерекелік кеш өткізілді. Сондай-ақ желтоқсан айының 12-сі күні №8 жатақанада Қошжанова Г.А., «Еліміздің еркіндігі» тақырыбында сұрақ-жауап сайысын өткізді. А.Д. Нурланбекова 13-ші желтоқсан күні «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздік» тақырыбында №8 жатахана студенттеріне баяндама оқыды. 1-4 курс студенттерінің тәрбие жетекшілері Аутаева А.Н., Тулебиева Г.Н, Нурланбекова А.Д, Жаканбаева Б.Б, Махметова А.А, Байтурсынова А.А., Тыныбаева Л.М., Бутабаева Л.А., Бекбаева З.Н. Ж.И. Кошкова М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына және Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрынан «Мен ішпеген у барма», «Қилы заман», «Тендерге түске келіншек», «Сағым қуғандар» спектаклдеріне барып тамашаладық. 17.10.2016 ж. Қалалық сенбіліктерге қатыстық, университетің ауласында, оқу ғимаратның ішінде және 28 гвардияшы-панфиловшылар саябағына тазалық жұмыстарын жауапты топтармен жұмыстар жүргізілді. Студенттердің сыртқы және ішкі сұлулықтарын тәрбиелеу тақырыбында тәрбие жетекшілері студенттер өздерін дұрыс ұстауға, мәнерлеп сөйлеуге, дұрыс киіне білуге арналған баяндамаларын оқыды. Жатақханада тұратын студенттерге жатақхананың ережесі мен тәртібі түсіндіріліп және орындалуын жиы-жиы қадағаланып отырылды. Кафедра оқытушылары № 8 жатақханада институтың белгілеген кестесі бойынша қазан айында кезекшілікті атқардық. Кафедра оқытушылары студенттермен әрдайым қоғамдағы тәртіпті, құқық бұзушылықты болдырмау жолдары жайлы кеңестер берді. Сондай-ақ мереке күндері әр кафедраның оқытушылары жатақханада қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалап отырды. Институтың 1-4 курс студенттері кешенді медициналық және флюрографиялық тексерістен өткізу туралы өкім бойынша өтті. ПжПИ-нің жемқорлықпен күрес комиссиясының ұйымдастыруымен «Біз сыбайластық жемқорлыққа қарсымыз» атты сауалнама жүргізілді. Кафедраның аға оқытушысы Д.К.Байдосованың ұйымдастырылуымен 1-2 курс студенттерінің арасына «Нашақорлыққа жол жоқ» атты тақырыпта пікір талас өткізілді.
Арнайы білім беру кафедрасының тәрбие жетекшісі Нурланбекова А.Д |