қазақша · русский · english
 
Біз туралы
 
   Главная / Абаева Мадина Қабылқызы

Абаева Мадина Қабылқызы

 

ҚЫСҚАША АВТОБИОГРАФИЯ 


Абаева М.К. Қызылордада дүниеге келіп, мектеп бітірдім. Университет, магистратура, тағылымдама, кандидаттық диссертация қорғауым Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде өтті. Еңбек жолымды Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде бастадым. 5 буынға жалғасқан филологтар әулетінің ұрпағымын, барлығы да Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітіріп, осы жерде еңбек еткен. Үлкен атам әйгілі ағартушы-ғалым Бегалиев Ғали Бегалиұлы Тіл және әдебиет институтының аға ғылыми қызметкері және кафедра меңгерушісі бола отырып (1946-1962 жж.), Абай атындағы ҚазҰПУ-де дәріс оқыды. Ағам - Абаев Әділ Сансызбайұлы осы университеті  бітіріп, өзінің бүкіл еңбек жолын  Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне арнады. 100-ге жуық жарияланған еңбектерім бар. Ғылыми және оқытушылық қызметті бірге алып жүремін.  

 

БІЛІМ

Білім беру мекемесі

Біліктілігі

Бітіру күні

 

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

оқытушы

1997

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

магистр

1999

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті

Тағылымдама

2002

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті

Аударма ісі бакалавры

2010

 

ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕ

Ғылыми дәрежесінің атауы

Ғылыми саласы

Диплом берілген күні

Филология ғылымдарының кандидаты

Орыс тілі

2009

 

ҒЫЛЫМИ  АТАҒЫ

Ғылыми атағы

Марапаттау күні

 

Доцент

2011

 

ОҚЫТАТЫН ПӘНДЕРІ (тізімі бойынша даярлық деңгейлері)

Бакалавриатта: Тіл біліміне кіріспе, филология негіздері, жалпы лингвистика, мәдениетаралық коммуникация, психолингвистика, латын тілі.

Магистратурада: Мәдениетаралық қатынас теориясы мен практикасы, Ағылшын-орыс мәдениетаралық коммуникациясы, Соңғы кезеңдегі орыс тіліндегі белсенді процестер

ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТІ

Когнитивтік ғылым саласына, психолингвистика, онтолингвистика салаларына қатысты мәселелер бойынша жұмыс істейді. 100-ге жуық басылымдары бар, оның ішінде 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұсынған «Үш тілдің патшалығы» мектепке дейінгі білімге арналған үштілділік бойынша оқулықтар.

Мен жазған мақалалар жақын шетелдердің жетекші журналдарында жарияланады.

Образ России в языковом сознании современных казахстанских студентов (по материалам ассоциативного эксперимента).  //«Вопросы психолингвистики», г. Москва 2016 © ФГБУН Институт языкознания РАН, 2016 © НОУ ВПО «Московская международная академия», С.22 - 28. 2016 г.

Феномен отрицательного билингвизма. //Труды Международной конференции, «Проблемы онтолингвистики - 2017: освоение и функционирование языка в ситуации многоязычия».  стр 189-193. Санкт-Петербург.

Когнинивно-номинативная парадигма фразеологических единиц (грамматическая зона номинативной парадигмы)

Фразеология в языковой картине мира: когнитивнопрагматические регистры : сборник научных трудов по итогам 4-й Междунар. науч. конф. по когнитивной фразеологии (г. Белгород, 26-27 марта 2019 года) / Н.Ф. Алефиренко, Е.Г. Озерова, К.К. Стебунова и др. - Белгород : ООО «Эпицентр», 2019. - 464 с.

ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚЫЗМЕТ - ҚР Білім және ғылым министрлігі ұсынған 40-тан астам оқу құралдары мен мектепке дейінгі білім беру бойынша әдістемелік ұсыныстар жарық көрді.

 МАРАПАТТАРЫ

«Үздік тәрбие жетекшісі» (2016 ж.)

«Абай ат. ҚазҰПУ 90 жылдығы» мерейтойлық медалі (2018)

 


← Кері оралу