қазақша · русский · english
 
 
 
13.02.2020

Халықаралық дөңгелек үстел: студенттердің білімін заманауи бағалау


Уақыт алға жылжыған сайын бізге де жаңа талаптар қояды. Дәстүрлі бағалау бұдан былай қанағаттандырмайды, тіпті қазіргі заманғы оқушымен жұмыс жасауға кедергі келтіреді. Қазіргі мектеп кешегі мектептен мүлдем өзгеше. Бүгінгі таңда бізден жаңа стандартқа сәйкес критериалды бағалау деп аталатын оқушылардың оқу жетістіктерін жүйелі түрде бағалау талап етіледі. Осыған орай, 2020 жылдың 12 ақпанында Педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы «Қазіргі бағалаудың мәселелері мен болашағы» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.


Дөңгелек үстелге Я.Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің (Белоруссия), Қазан федералды университетінің, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің (Ресей) өкілдері қатысты.

 

Дөңгелек үстелде студенттер төмендегі мәселелер бойынша өз ойларын ортаға салды:

1. Бағалау «келісемін» және «қарсымын». Бұл мәселе бойынша оқытушылардың, ғалымдардың көз қарастары.
2. Бағалау жүйесінің негізгі талаптары.
3. Қазіргі бағалаудың болашағы.

 

Пікір таласқа қатысқандардың бәрі мұғалім оқушының және сыныптың бар әлеуетін тиімді пайдалануы керек екендігіне назар аударды.


Дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына сертификаттар берілді.

 

Дөңгелек үстелдің модераторы - Педагогика және психология институты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушы Екатерина Рябова.

 

   

 

   




Кері оралу