қазақша · русский · english
 
 
 
11.06.2021

Математиканы оқытудағы бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті арттыру және қашықтықтан білім беру орталығында 2021 жылдың 1-11 маусым аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуды ұйымдастырудың мазмұны мен әдістемесінің ерекшеліктері» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы өткізілді. Оқыту қазақ және орыс тілдерінде ұйымдастырылды. Курс 80 сағатқа есептелген. Курс қатысушылары күніне 2 астрономиялық сағат (120 минут) онлайн режимде оқыды, курстың қалған бөлігі модерациямен өзіндік практикалық жұмыс барысында орындалды. Сабақтарда қатысушылардың интербелсенді өзара әрекеттестігі ұйымдастырылды. Бұл ұйымдастырылып отырған екінші курс, оған бірінші курсқа қарағанда 2 есе көп мұғалімдер жазылды.

 

Курс бағдарламасын бастауыш мектепке арналған математика оқулықтарының авторлары - педагогика ғылымдарының кандидаттары «Бастауыш білім беру» БББ кәсіптік даярлау бөлімінің доценттері Асель Ақпаева, Лариса Лебедева, Математика және математикалық модельдеу кафедрасының аға оқытушысы Маржангул Мынжасаровамен әзірленді және өткізілді.

 

Курс бағдарламасының мақсаты - кіші мектеп жасындағы оқушыларға математиканы оқытуда қиындық тудыратын тақырыптарын қарастыру, сондай-ақ әртүрлі цифрлық ресурстарды пайдалана отырып, онлайн оқыту дағдыларын дамыту болды.

 

Оқыту қорытындысы бойынша мұғалімдер белгіленген үлгідегі сертификат алды. Мұғалімдер өздерінің қорытынды портфолиосын ұсына отырып, курс оларға өз білімдерін кеңейтуге, цифрлық ресурстарды қолдану біліктерін жетілдіруге көмектескенін атап өтті. Интерактивті техникалармен диалог түрінде дәріс беру формасы да қызықты болды.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу