қазақша · русский · english
 
 
 
09.11.2021

«Менің мамандығым - педагог» халықаралық эссе конкурсы

 

2021 жылдың 9 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімі жыл сайын өткізетін «Менің мамандығым - педагог» халықаралық эссе конкурсының қорытындысын шығарды. Аталмыш шараның мақсаты - студенттердің кәсіби қабілеттерін, оларды даярлаудың сапасын анықтау, дарындылығын, кәсіби-педагогикалық әлеуетін ашу, өзін-өзі реттеу үшін жағдайлар жасау.

 

Биыл конкурсқа Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті, Қазан Федералды университеті, В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Янка Купала атындағы Гродный мемлекеттік университеті студенттерінің 41 эссесі келіп түсті.

 

Біздің университеттің оқытушылары мен бастауыш сынып мұғалімдерінен тұратын әділ қазылар алқасы барлық студенттерге диплом беруді жөн санады. Олар байқау қатысушыларының тапсырманы орындауға жауапкершілікпен әрі шығармашылық тұрғыдан қарап, қазіргі таңдағы мұғалім мамандығының маңыздылығына деген өз көзқарастарын дәлелді түрде жаза алғандарын атап өтті.

 

Барлық студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз. Конкурс қорытындысы бойынша бірінші орын алған қатысушыларды ерекше атап өткен жөн:

Бикмуллина Люзия, Қазан Федералды университеті;

Малеева Маргарита, Я.Купала атындағы Гродный мемлекеттік университеті;

Замана Анелия, Я.Купала атындағы Гродный мемлекеттік университеті;

Каримова Дамира, Абай атындағы ҚазҰПУ;

Громская София, Мәскеу қалалық педагогикалық университеті;

Петрова Кристина, В.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті.

 

   

 

 

   




Кері оралу