қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2021

Магистранттардың педагогикалық практикасының қорытынды конференциясы

 

2021 жылдың 13 қарашасында Педагогика және психология институтының «7М013-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс магистранттарымен педагогикалық практиканың қорытынды конференциясы өтті. Конференцияда магистранттардың практика бағдарламасына сай жүргізілген жұмыстарының есебі жаңа форматта берілді. Педагогикалық практиканың ұйымдастырылуы мен өткізілуі бойынша алынған сауалнаманың жауабында әрбір магистранттың есебі толық көрініс тапқан.

 

Конференцияда практика жетекшілері мен пән оқытушылары магистранттардың педагогикалық практика барысындағы кәсіби іс-әрекеттеріне талдау жасап, баға берді. Практиканы үйлестіруші аға оқытушы Омарова Гульнара Жолдасқызы педагогикалық практика бойынша магистранттардың қорытынды бағасын жариялады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу