қазақша · русский · english
 
 
 
26.11.2021

Дж.К.Роулингтің «Harry Potter» кітабы негізінде  оқырман театры ұйымдастырылды

 

2021 жылдыі 25 қарашасында Абай атындағы ҚазаҰПУ, Педагогика және психология институтында «8D013-Пәнсіз мамандандыру мұғалімдерін дайындау» мамандығының докторанты Г.С. Махарова 2-курс студенттерімен «Бастауыш білім ағылшын тілінде» «Harry Potter» атты оқырман театрын ұйымдастырды.


Ағылшын жазушысы Дж. К. Роулингтің «Harry Potter» кітабы - әлемдік деңгейде ең көп оқылатын балаларға арналған бес үздік көркем әдебиет қатарына кіреді. Осы тұрғыда студенттер мәтін үзінділерін интонация, интерпретация  арқылы сомдап, топтық, жұптық, жеке жұмыс түрлерін жасады. Оқырман театрының мақсаты - студенттерге білім берумен қатар педагогикалық шеберліктерін шығармашылықпен шыңдауға ынталандыру. Студенттерді болашақ ұстаз ретінде балалардың ішкі әлемін түсінуге бағыттау және студенттердің шетел тілінде оқу, сөйлеу, тыңдап түсіну дағдыларын дамыту болып табылады.  

 

   

 

   

 

   




Кері оралу