қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2022

«Time management» тақырыбы аясында пікірталас

 

2022 жылдың 15 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ, Педагогика және психология институтында, «8D013-пәндік мамандандырылмаған педагогтарды даярлау» мамандығының 3 курс докторанты Г.С. Махарова «Time management» тақырыбы аясында «Бастауыш білім көптілділікпен» мамандығының 1 курс магистранттары арасында пікірталас ұйымдастырды.

 

Магистранттар тақырыпқа қатысты деректі видеофильм көрген соң, бірнеше топқа бөлініп уақытты басқаруға қатысты оқу-әдістемелік жобалар жасап ұсынды. Әрбір топ өз жобасының ерекшеліктері мен артықшылықтарын үш тілде (қазақ, ағылшын, орыс) сипаттай отырып, уақытты үнемдеу және оны ұтымды пайдалану жолдарын белсенді талқылады.

 

Магистранттар: Джанкенова Анаргуль, Бакбаева Алия «Time Management Tips: Keeping On Top Of Your Day», Абжалиева Анар ,Оразбаева Айжан «Техника Smart», Савабова Асель «Матрица Эйзенхауэра», Тойлыбаева Улмира, Бисенбай Сымбат " Методы управления временем", Дархан Аружан «Уақытты ұрлаушылар» мәселелері бойынша ақпараттармен бөлісті. Магистранттар тақырыпқа байланысты ағылшын тілінде әртүрлі лексикалық және грамматикалық тапсырмалар орындады, жеке ойларын ортаға салып бір бірімен пікір алмасты.

 

Аталмыш шараның мақсаты - магистранттардың теориялық білімдерін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік беру арқылы жеке тұлғалық, шығармашылық және лингводидактикалық әлеуетін дамыту.

 

   

 

   




Кері оралу