қазақша · русский · english
 
 
 
31.03.2022

Халықаралық педагогикалық кездесу өз жұмысын жалғастырды

 

2022 жылдың 30 наурызында педагогикалық практика кезінде туындаған мәселелерді студенттермен талқылау мүмкіндігі түрінде ойластырылған студенттер мен педагогтердің кезекті халықаралық педагогикалық кездесуі өтті. Алайда мұнымен ғана шектеліп қалуға болмайды. Бұдан да әлдеқайда ауқымды ортаға шығу қажет. Біздің педагогикалық кездесуіміз пікірталас қана емес, Қазақстан Республикасы мен жақын шетелдің әртүрлі қалалары мектептері мұғалімдерінің тәжірибесін жалпылау алаңы болды.

 

Бүгінгі кездесуде Bilimkana Almaty ЖШС мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті. Олардың баяндамалары мектеп өмірінің түрлі жақтарын талдауға арналған. Олар білім беру платформаларының мүмкіндіктері, оқушылардың шығармашылық әлеуетін ашу, тілдерді табысты оқыту, сабақтағы тәртіп пен жаңа ұжымға бейімделу мәселесі жайлы айтты.

 

Барлық сөз сөйлегендердің тәжірибелерінің тыңдармандарды қызықтырғаны соншалықты олар аталмыш мектептің шығармашыл мұғалімдерімен жақынырақ танысуға ниет білдірді.

 

Біз өздерінің педагогикалық табыстарына назарымызды аудара алған мұғалімдерге алғысымызды бідіреміз: Тулебаев Ф. «BAS - бұл класс!»; Цыбуля А.Е. «Оқуға көмек беретін компьютерлік ойындар»; Жаркова Е.С. «Оқи білу қандай ғажап!»; Бросалина Н.Г. «Тәжірибе арқылы қалайша біз өмірді танимыз?»; Алексеева А.В. «Тәртіпті түзету»; Усманова Д. «Шығармашылық арқылы оқушылардың жасырын әлеуетін қалайша ашуға болады?»; Юсупова Н.С. «Жоғары сынып оқушыларын бастауыш сынып мұғалімі табысты етеді: орыс тілі мұғалімінің сабақтастық жайлы тәжірибесі»; Орғанов С.М. «SCRUM әдіснамасын білім беру әрекетіне ендіру»; Тагилбекова Д.М. «Тілді қызықты түрде үйренуге болады: қытай тілі сабағы барысында»; Тауекелова Б. «Жаңа ұжымға бейімделу мәселесін шешу жолдары»; Решетова З.В. «Бастауыш мектеп ағылшын тілі сабақтарында драманы тәжірибеде қолдану».

 

Халықаралық педагогикалық кездесу жаңа оқу жылында жалғасын табады. Біз тек қатысушы ғана емес, кездесудің белсендісі болуға шақырамыз.

 

Модераторлар - Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің аға оқытушысы Рябова Е.В., Bilimkana Almaty ЖШС бастауыш сыныптар бойынша оқу ісінің орынбасары Козленко А.С.

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу