қазақша · русский · english
 
 
 
29.09.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті М.Шаханов атындағы өлең оқу сайысында 1-орынды жүлделеді

 

2022 жылдың 28 қыркүйегінде №169 мектеп-лицейінде Алматы қаласы Алатау аудандық білім бөлімі мен кітапхана қызметкерлері қала мұғалімдері арасында Мұхтар Шахановтың өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысын өткізді. «Ғасырдың ғаламат ақыны» тақырыбындағы іс-шара қазақтың белгілі ақынының 80 жылдығына арналды.

 

Педагогика және психология институты «Бастауыш білім беру» кафедрасының «6В01303- Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен» мамандығында оқитын 3-курс (3ж.) студенті Тоқтасын Ыдырыс соңғы оқу жылын Алматы қаласындағы №204 орта мектептің бастауыш сыныбында ұстаздықпен ұштастырып келе жатыр. Ол «Ақындық күш тек шындықпен өлшенер» номинациясы бойынша І орынды иеленді.

 

  alt=     alt=  




Кері оралу