қазақша · русский · english
 
 
 
27.10.2022

Ынтымақтастық бағдарламасы жүзеге асуда


Биылғы жылы «Бастауыш білім беру» кафедрасы ВМӘПУ бастауыш білім берудің педагогикасы мен психологиясы кафедрасымен (Ресей) 2023-2025 жылдарға арналған екіжақты ынтымақтастық бағдарламасын дайындап, қол қойды. Ал ынтымақтастық басталып кетті. Кафедра оқытушылары, профессор Б.А.Әлмұхамбетов пен аға оқытушы Е.В.Рябова 2022 жылғы 26-27 қазан күндері Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы балалар мен жастарды тәрбиелеудің құндылық бағдарлары» XI Жалпыресейлік ғылыми-практикалық конференциясы жұмысына қатысып, баяндама жасады.


Б.А.Әлмұхамбетов пленарлық отырыста полиэтникалық мемлекеттегі рухани-адамгершілік эстетикалық тәрбие беру мәселесі жайлы баяндама жасады. Өз баяндамасында ол мәдениаралық қатынастарды дамытуға, ұлттық мәдениетті, этникалық педагогиканы жаңғыртуға, студенттердің адамгершілік әлеуетін қалыптастыру мен рухани бағдарларға баулуға ерекше көңіл бөлді.


Е.В. Рябова «Педагогтің үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіндегі тұлғалық-кәсіби дамуы» секциялық отырыста «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы студенттерінің практикасын ұйымдастыру тәжірибесіне және жобалап оқытуды ұйымдастыру мәселесі бойынша Алматы қаласының мұғалімдерімен өзара әрекет ету мәселесіне тоқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу