қазақша · русский · english
 
 
 
03.02.2023

«English Challenge Month» - «Cosplay: Disney & Christmas Costumes» байқауының финалы

 

2023 жылдың 1 ақпанында Педагогика және психология институтының «Бастауыш білім беру» кафедрасында «English Challenge Month» - «Cosplay: Disney & Christmas Costumes» байқауының финалы өтті. «Бастауыш білім беру ағылшын тілінде» және «Бастауыш білім беру көптілділікпен» мамандықтарының 1 және 2 курс студенттері тапсырманы орындауда креативтілік, ағылшын тілін үйренуге деген қызығушылық танытты, сондай-ақ командада жұмыс істей алу қабілетін көрсетті. Түрлі-түсті костюмдер, балалар ертегілерінің кейіпкерлеріне ұқсастығы, ұсынылған миниатюралар тұжырымдамасының болуы байқаудың соңғы кезеңін безендірді және жалпы іс-шараның қорытындысын шығарып, жүлдегерлері анықтауға мүмкіндік туғызды. Жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

«Cosplay: Disney & Christmas Costumes» номинациясында:

 

I орын - «Бастауыш білім беру көптілділікпен», 2 курс;

II орын - «Бастауыш білім беру ағылшын тілінде», 2 курс;

III орын - «Бастауыш білім беру ағылшын тілінде», 1 курс.

 

«Grammar & Vocabulary» номинациясы бойынша:

 

I орын - 1 курс студенті Лысогор Александра, «Бастауыш білім ағылшын тілінде»;

II орын - 1 курс студенті Давлетшина Анастасия, «Бастауыш білім ағылшын тілінде»;

III орын - 1 курс студенті Калиева Асем, «Бастауыш білім ағылшын тілінде» .

 

«Speak Up Speak Out» номинациясы бойынша:

 

I орын - 1 курс студенті Лысогор Александра, «Бастауыш білім ағылшын тілінде»;

II орын - 1 курс студенті Давлетшина Анастасия, «Бастауыш білім ағылшын тілінде»;

III орын - 2 курс студенті Асанова Балжан және Жұмадилла Жанель, «Бастауыш білім ағылшын тілінде».

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу