қазақша · русский · english
 
 
 
09.02.2023

Оқушыларға арналған «Менің болашақ мамандығым» сабағы

 

2023 жылдың 6-7 ақпан күндері университет және мектеп арасындағы ынтымақтастық аясында Абай университетінің Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы Бауыржан Жанкушков «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында Алматы қаласының №102 жалпы білім беру мектебінде 5 сынып оқушыларына дәстүрлі емес сабақтар өткізді. Сабақ барысында сабақтың психологиялық атмосферасын құру, ойын технологиялары, интерактивті оқыту және т.б. әдістер қолданылды.


Мақсаты - мектеп оқушыларының танымдық қызығушылықтарын арттыру, мамандықтар әлемі және олардың ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту. Сабақ соныңда оқушылар өз ризашылықтарын «Капитан» әдісі арқылы білдірді. Сабаққа №102 ЖББМ КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Самал Аккамиева және 5 сынып жетекшілері қатысып, сабақ өту барысы туралы өздерінің оң пікірлерін айтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 




Кері оралу