қазақша · русский · english
 
 
 
04.12.2023

«Кіші мектеп жасындағы оқушының функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыру» халықаралық дөңгелек үстелі

 

2023 жылдың 1 желтоқсанында Педагогика және психология институты бастауыш білім беру кафедрасы онлайн және офлайн форматта «Кіші мектеп жасындағы оқушының функционалдық математикалық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара университетте 1974 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан физика-математика ғылымдарының кандидаты, профессор Азатгүл Қыдырбаеваның 80 жылдық мерейтойына арналды.

 

Дөңгелек үстелде төмендегідей маңызды мәселелер талқыланды: заманауи математикалық білім берудің негізгі идеялары; бастауыш сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы заманауи білім беру технологиялары; бастауыш сынып оқушыларына арналған қашықтықтан оқыту: мүмкіндіктері мен болашағы; функционалды математикалық сауаттылықты халықаралық зерттеу.

 

Іс-шара бастауыш білім беру, математика мен педагогика саласындағы жетекші мамандардың басын қосты. Сонымен бірге, оқытушылар, студенттер, магистранттар мен докторанттар және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

 

Дөңгелек үстелді университет ректоры Болат Тілеп мырзаның ізгі тілегін оқи отырып, Педагогика және психология институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Ғалия Абаева ашты. Іс-шара жұмысын бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі Азия Жумабаева бастап берді.

 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары өз баяндамаларының мазмұнымен таныстырды. Баяндамашылардың біразы шетелдік мамандар болды, олардың тақырыптары төмендегідей:

 

Математиканы оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік әрекетін қалыптастыру - Гафурова Махфуза, ФМУ педагогика және психология факультеті Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы (Өзбекстан).

 

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы өлкетанушылық аспект - Науменко Ольга, педагогика ғылымдарының кандидаты, ВМӘПУ бастауыш білім беру кафедрасының доценті (Ресей).

 

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру педагогика мен математиканың мәселесі ретінде - Селькина Лариса, ПМГПУ доценті, факультет деканы, педагогика ғылымдарының кандидаты (Ресей).

 

Бастауыш мектеп оқушыларын математикалық даярлауда білім беру сайтын қолдану - Сабирова Эльвира, педагогика ғылымдарының кандидаты, Педагогика және психология институтының доценті, ҚФУ (Татарстан, РФ).

 

Математикалық ертегілер кіші мектеп жасындағы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту мен ұғым қалыптастырудың құралы ретінде - Смыковская Татьяна, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, АКТ, математика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі (Ресей).

 

Математикалық функционалдық сауаттылық: теориядан тәжірибеге (Беларусь бастауыш сыныптары үшін математика оқулықтарын әзірлеу тәжірибесінен) - Мария Урбан, педагогика ғылымдарының докторы, Максим Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университетінің жаратылыстану пәндері кафедрасының профессоры (Беларусь).

 

Кіші мектеп жасындағы оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру барысында сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясын қолдану - Чичканова Ирина, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, психологиялық-педагогикалық, мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі («В.М.Шукшин атындағы Алтай мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті» жоғары білім берудің Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі, Ресей).

 

Бастауыш сыныптардың математика сабақтарында шамаларды оқыту барысы - Байназаров Тимур, Ажинияз атындағы НМПИ Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушысы, Нукус қ., (Өзбекстан).

 

Бастауыш мектептің білім беру үдерісіндегі SCRATCH визуалды бағдарламалау ортасы - Богдан Виктор, «Янка Купала атындағы Гродно мемлекеттік университеті» ББ Лидск колледжінің оқытушысы (Беларусь).

 

ҚазҰҚызПУ 3-курс студенттері ғылыми баяндама жасады: Жанжігіт Жадыра, Каскен Мерей, Бейбіт Жанара. Жетекшісі - қауымдастырылған профессор, п.ғ.к., Лариса Агеева.

 

Іс-шара студенттердің IV Халықаралық конкурсының жеңімпаздарын марапаттаумен және «Авторлық жағдаяттық есептерді шығару» шебер-сыныбымен аяқталды. Функционалдық математикалық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептердің авторлары - «7М01301-Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-курс магистранттары. Ғылыми жетекшісі - Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Әсел Ақпаева. Сонымен бірге, кафедраның оқытушылары мен студенттері шебер-сынып жұмысына қатысты.

 

Шетелдік мамандардың қатысуына ықпал ету және дөңгелек үстелді әзірлеу жұмыстарына бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Лариса Лебедева, аға оқытушылар Екатерина Рябова және Жупат Астамбаева атсалысты.

 

Іс-шара дөңгелек үстел жұмысын қорытындылау және мерейтой иесін құттықтаумен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу