қазақша · русский · english
 
 
 
11.12.2023

«Ұлттық құндылықтарды ұлықтау - ұлағатты іс» интеллектуалды сайыс өтті

 

2023 жылдың 9 желтоқсанында Абай университеті «Бастауыш білім беру» кафедрасының жоба аясында «Ұлттық құндылықтарды ұлықтау - ұлағатты іс» тақырыбында «Бастауыш білім беру/АКТ» және «Бастауыш білім беру/бизнес» білім беру бағдарламаларының 2-3 курс студенттері мен С.Демирел атындағы университеттің «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-2 курс студенттері арасында сайыс өтті. Сайыс 3 кезеңнен: интеллектуалды QUIZ ойыны, TEDx сайысы және үй тапсырмасынан тұрды.

 

Сайыс қорытындысы бойынша 1-ші орынды СДУ студенттері - «СДУ primary» командасы, 2-ші орынды «Бастауыш білім беру/бизнес» білім беру бағдарламасының студенттері - «Алаш арыстары» командасы, 3-ші орынды «Бастауыш білім беру/АКТ» білім беру бағдарламасының студенттері - «Қазақия» командасы иеленді.

 

Ұйымдастырушысы - қауымдастырылған профессор м.а. Базарбекова Рабиға және «Ұлттық қазына» клубының мүшелері.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу