қазақша · русский · english
 
 
 
07.10.2024

Workshop: Магистрлік диссертацияны жазудың негіздері: идеядан қорғауға дейін

 

2024 жылдың 4 қазанында Педагогика және психология факультетінің бастауыш білім беру кафедрасында магистранттарға арналған кәсіби және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамытуға арналған воркшоп өтті. Іс-шараға 1 және 2-курс магистранттары қатысты. Қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, бастауыш білім беру педагогикасы мен әдістемесі саласындағы зерттеу әрекеті жайлы білім қорын толықтырды.

 

Воркшоптың негізгі тақырыбы - «Магистрлік диссертацияны жазу: идеяны анықтаудан оны сәтті қорғауға дейінгі қадамдар». Іс-шара барысында өзекті тақырыпты іздестіру, зерттеудің әдіснамасы мен көпшілік алдында қорғауға дайындық мәселелерін қамтитын диссертацияны жазудың негізгі кезеңдері ұсынылды. Спикерлер: педагогика ғылымдарының кандидаты, бастауыш білім беру кафедрасының профессоры Әсел Ақпаева және педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, бастауыш білім беру кафедрасының постдокторанты Әділет Қариев. Олар диссертация құрылымына қойылатын талаптар мен ғылыми зерттеулерді рәсімдеу ережелеріне тоқталды.

 

Воркшоптың практикалық бөлігі ғылыми дереккөздерді іздеуге, сондай-ақ магистрлік зерттеулердің материалдарын талқылауға арналған. Қатысушылар жұмысқа белсене араласып, сұрақтар қойып, өз ғылыми тақырыптары бойынша пікір алмасты.

 

Іс-шараны бастауыш білім кафедрасы ұйымдастырды. Ол білім мен тәжірибе алмасудың маңызды алаңына айналды. Кафедра меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Азия Жумабаева іс-шараның жоғары ұйымдастырылғанын және алынған білімнің практикалық құндылығын атап өтті. Воркшоп ғылыми-педагогикалық тәжірибеден өтіп жатқан екінші курс магистранттары үшін де, тақырып таңдау кезеңінде жүрген бірінші курс студенттері үшін де өте пайдалы болды.

 

Ұйымдастыруға жауапты - бастауыш білім кафедрасының профессоры Әсел Ақпаева.

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу