Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
01.11.2024
Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын дамыту жолдары
2024 жылдың 30 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының 2 курс докторанты Кожаханова Лаура болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне «Бастауыш сынып оқушыларының медиасауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында онлайн-семинар өткізді. Семинар Лаура Кожанованың диссертациялық тақырыбына байланысты ұйымдастырылды. Ғылыми жетекшісі - профессор Амина Амирова.
Семинарға Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары, 1-2 курс магистранттары, 1-3 курс докторанттары, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранттары, Алматы облысы Талғар қаласы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №7 лицей орта мектебінің ұстаздары және т.б. педагогикалық университеттердің студенттері қатысты.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|