қазақша · русский · english
 
 
 
15.11.2024

«Менің мамандығым-педагог» халықаралық эссе конкурсы


2024 жылдың 15 қарашасында Педагогика және психология факультеті бастауыш білім беру кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Менің мамандығым - педагог» атты халықаралық эссе конкурсының қорытындысы шығарылды. Биыл конкурсқа Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазан федералды университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Алтай мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық университеті, сондай-ақ Янки Купала атындағы Гродно мемлекеттік университетінің Лидс колледждерінен барлығы 50 ден астам студент қатысып, өз бақтарын сынады.

 

Конкурс жеңімпаздарына 1 , 2, 3 дәрежелі дипломдар, ал, қатысушыларға сертификаттар, қазылар алқасының мүшелеріне алғыс хаттар табыс етілді.

 

Ұсынылған эсселер мұғалім мамандығының қоғам үшін маңыздылығын, оның тарихтағы рөлі туралы баяндалған. Қазылар алқасының мүшелері барлық эсселердің қызықты, сауатты жазылғанын ескергендерін және эсселердің конкурс тақырыбына сай жазылғанын айтты. Конкурстың модераторы - Д. Б. Самбет.

 

Қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу