қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2018

«ИМПУЛЬС»КОМАНДАСЫ АЛҒА!


2018 жылдың 6 наурызында БОПӘ мамандығының 2-курс студенттеріне арналған Педагогикалық шеберлік халықаралық байқауы өтті. Байқауға «Импульс» командасы (Абай атындағы ҚазҰПУ); «International team» командасы (ҚазМемҚызПУ); -«Лидерлер»; (Драгомаров атындағы педагогикалық институтының кешкі факультеті, Киев, Украина командалары қатысты. Соңғы команда онлайн режимде қатысты.


Байқаудың мақсаты: болашақ мамандардың педагогикалық мамандыққа деген қызығушылығын дамыту, оның беделін арттыру, студенттердің жеке шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау.


Қазылар алқасына күрделі міндет жүктелді. Үш команданың ішінен ең жақсысын яғни өздерін шығармашылықтарын айқын көрсетеіп, бірегейлігі мен тапсырмалардың тақырыбын ашып, регламент сақтаған команданы таңдауға тура келді.


Қатысушылар «Визитка» байқауында өз командасын таныстырып, «Қазіргі мектеп оқушыларының портреті» бейнероликті демонстрациялау, екінші тапсырмада «Керемет оқушы». «Бәріміз бір-бірімізге «Жарайсың!» дейміз» байқауында өзінің шығармашылық қабілетін көрсетіп,ал «Білгірлер» байқауында математика мен орыс тілі бойынша білімдерін көрсету керек болды.


Байқау қорытындысы бойынша «Импульс» командасы (Абай атындағы ҚазҰПУ) ең көп ұпайға ие болып, 1-дәрежелі дипломмен марапатталды. ҚазМемҚызПУ және Киев педагогикалық институтынан конкурсқа қатысушы командалар 2-дәрежелі дипломдармен марапатталды.


Байқаудың қазылар алқасы - Акпаева Асель Бакировна (п.ғ.к., БОПӘ кафедрасының доценті), Агранович Елена Николаевна (ҚазМемҚызПУ, педагогика магистрі), Коткова Анастасия Алексеевна (М.Бегалина атындағы № 120 мектептің жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі), Улюров Вангар Манеевич(№12 Масанчи мектебінің бастауыш сынып мұғалімі).


Байқауды ұйымдастырған және өткізген - Рябова Екатерина Владимировна (педагогика магистрі, БОПӘ кафедрасының аға оқытушысы).

 

       

 

       

 

       

 

       

 




Кері оралу