қазақша · русский · english
 
 
 
01.03.2018

Алғыс айту!

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдығына орай педагогика және психология институты, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушылары: Гулжанар Арынова, Гаухар Камза, Мариям Бекбаева 1 наурыз «Алғыс айту» күніне «Отбасы және балалықты қолдау» орталығымен ұйымдастырылған қайырымдылық акциясын өткізді. Оған 1 және 2 курс студенттері қатысып, студенттер көп балалы отбасына материалдық көмектерін көрсетті. (Азық-түлік, балаларға киім-кешек, ойыншықтар, үтік, кеңсе тауарлары т.б.). Үй иесі мен балалары қуаныштарын жеткізіп, алғыстарын айтты. Осы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып отырған «Отбасы және балалықты қолдау» орталығының директоры Алия Қаңтарбаеваға және ҚазҰПУ оқытушыларына алғыстарын білдірді.

 

  

 

  

 

  

 




Кері оралу