қазақша · русский · english
 
 
 
28.02.2018

ҚАЗІРГІ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫНЫҢ БЕЙНЕСІ

 

2018 жылдың 26 ақпанында бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы Қазан федералды университетінің мектепке дейінгі және бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасымен бірге «Қазіргі мектеп оқушысының бейнесі» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өткізді.


Қоғамдық және әлеуметтік нормалардың өзгеруі сөзсіз азаматтардың жеке құндылықтарын өзгертуге әкеледі. Бұл көп жағдайда өзгерістерге тез бейімделетін жас ұрпақтан байқалады. Қазіргі мектеп оқушыларының бейнесі - баланың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінен тұратын көп қырлы палитра.


Дөңгелек үстел аясында 1-2 курс студенттерімен келесі мәселелер талқыланды:

- Қазіргі заманғы бастауыш сынып оқушысының моделі (студенттер бейнеролик дайындады);

- Оқушы бар. Ал ата-ана қайда? (Мектеп пен отбасының өзара әрекеті);

- Біздің оқушыларды оқуға қалай үйретуге болады?

 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары пікірталас барысында студенттер қазіргі мектеп оқушыларының айналасындағыларға қызығушылық танытатынын, өз пікірін білдіре алатынын, икемді, ақпаратқа бейімді екенін атап айтты. Қатысушылар мектеп пен отбасының өзара әрекетінде ата-ана үшін де, педагог үшін де бекітілген ортақ мақсат болғанда ғана оқушының тәрбиесі табысты болатындығын көрді. Ал баланы оқуға үйрету үшін мұғалім оған үлгі болуы тиіс. Өйткені мұғалім де өмір бойы оқиды.

 

Студенттердің талқылаулары мен қорытындылары бізде білім берудегі мәселелер бірдей екенін көрсетті (дөңгелек үстелде әртүрлі қалалардың емес, әртүрлі мемлекеттердің өкілдері болды), олардың шешіміне көзқарас әртүрлі. Пікір алмасу, шешімдерді іздестіру - мұның бәрі студенттерді - болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін оқытуға және өз мамандығына ұмтылдыруға көмектеседі.

 

       

 

       

 

       




Кері оралу