Жаңартылған білім мазмұнына байланысты мектеп мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар
Ағымдағы жылдың 11 қараша-1 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жаңартылған білім мазмұнына байланысты еліміздің әр облысында мектеп мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар өткізілді. Семинарда жаңа оқу бағдарламасының мазмұны бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Осы іс-шара аясында оқулық авторлары, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының профессоры Гүлнар Уайсова, доцент Асель Акпаева мен аға оқытушы Жұпат Астамбаева, Шығыс-солтүстік бағыты бойынша Семей, Павлодар, Қарағанды, Астана, Петропавл, Көкшетау, Қостанай қалаларында болып, бастауыш сынып мұғалімдерін жаңартылған білім мазмұны бойынша жазылған оқулықтарымен таныстырды. Атап айтқанда, 3-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» және «Математика» оқулықтарының мазмұны мен құрылымындағы ерекшеліктерді айтып түсіндірді, оқулықпен таныстырды және өзара пікір алмасу болды. Бастауыш сынып мұғалімдері бұл оқулықтарды жақсы қабылдап, өздерінің оң тілектерін білдірді және ұсыныстарын айтты.
Ал оқулық авторлары, кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Екатерина Рябова мен кафедра докторанттары, Мейргүл Оспанбекова мен Назгүл Сартаевалар оңтүстік-батыс бағыты бойынша Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларында болып, бастауыш сынып мұғалімдеріне 3-сыныпқа арналған «Математика», «Қазақ тілі» және «АКТ» оқулықтарын таныстырды.