қазақша · русский · english
 
 
 
03.12.2017

 

«Тән сұлулығы - ұстазда»


2017 жылдың 1 желтоқсанында университетте Тұңғыш Президент күніне орай Тән сұлулығы - ұстазда» спартакиадасы өткізілді. Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының оқытушылары волейбол, шахмат, футзал, веложарыс сияқты спорт түрлері бойынша өткізілген жалпыуниверситеттік спартакиадаға белсене қатысты. Спартакиаданың өне бойында жарыстар аса тартымды, қызықты түрде жүргізілді. Барлық командалар өздерін тек жақсы жағынан көрсетті, бірақ Педагика және психология институты бәрінен де үздік болып, университет бойынша жүлделі І орынға ие болды.

 





Кері оралу