қазақша · русский · english
 
 
 
05.10.2017

 

«Ғылымдардың патшасын серік еткен»


04.10.2017жылы Какибаева Хыдырбала Сабанбекқызының 60 жас мерейтойына орай «Ғылымдардың патшасын серік еткен» бенефис-шоу өткізілді. Бұл шараға қонақ ретінде Хыдырбала Сабанбекқызының сіңлісі Нәзира Сабанбекқызы, сыныптасы Бахыт Ибрагимқызы, №107 гимназияның оқу-ісінің меңгерушісі Әмина Төкенқызы, БОПӘ мамандығының 2010 жылғы түлегі, Хыдырбала Сабанбекқызының кураторлық тобынын студенті Исаева Әлия, қызы Айнұр Әділжанқызы, отбасылық досы Бағдат Мақұлбекұлы, ұжымдағы орны мен қызметі жайлы п.ғ.к., профессор Гүлнар Инаматқызы қатысты. Олар кеш иесінің бала кезі, оқушылық өмірі, студенттік шағы мен қызмет барысы жайлы өз естеліктері мен әңгімелерін айтып, тілек білдірді. Кешті БОПӘ мамандығынын 4 курс білімгерлері жүргізді. Ұйымдастырушылар: аға оқытушылар Ж.К. Астамбаева, А.С. Тазабекова.

 

  

 

 




Кері оралу