қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2018

«Сабақ презентациясы» конкурсы

 

2018 жылдың 11 сәуірінде халықаралық «Сабақ презентациясы» конкурсының қорытындысы шықты. Конкурсты бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы 2015 жылдан бері өткізіп келеді.


Конкурстың мақсаты - болашақ педагогтардың шығармашылық қызметін дамыту, қатысушылардың кәсіби шеберлігін жетілдіру, ақпараттық-коммуникациялық технолгияларды кәсіби қызметте пайдалануды қолдау, таңдаған мамандығы бойынша жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын көтермелеу.

 

Әділ қазылар алқасы конкурс материалдарын қарай отырып, болашақ педагогтардың ақпараттық мәдениеті жылдан жылға өсіп келе жатқанын, компьютерлік ақпараттық технологияларды енгізу қажеттілігінің өзекті екендігін, педагогикалық үдерісте компьютерлік оқыту әдістерін қолданудың тиімділігін атап өтті.

 

«Сабақ презентациясы» конкурсының жеңімпаздары болған біздің студенттер «Оқыту мен сабақ берудің жаңа тәсілдемелері» үйірмесіне (үйірме жетекшісі п.ғ.м., аға оқытушы ЕкатеринаРябова) қатысатындығын айта кету керек. Үйірме жұмысының тақырыптары оқытуды ұйымдастыруда жаңа тәсілдемелер мен жаңа технологияларды қолдануға бағытталған.

 

«Сабақ презентациясы» конкурсының жеңімпаздары Юлия Парфилова (4-курс) - І дәрежелі «Математика сабағына үздік презентация» дипломмен, Оксана Тимошина және Полина Ваврженчик (3-курс) -ІІ дәрежелі «Дүниетану сабағына үздік презентация», Дияра Сетямова және Мария Кучинина (2-курс) - ІІ дәрежелі «Әдебиеттік оқу сабағына үздік презентация» және «Орыс тілі сабағына үздік презентация» дипломдарымен марапатталды.

 

         

 

    

 

 

 




Кері оралу