
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
31.10.2025
Испанияның Гранада университетінде қысқамерзімді ғылыми тағылымдама 2025 жылдың 5–19 қазан аралығында педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың постдокторанты Адлет Кариев Испанияның Гранада университетінде қысқамерзімді ғылыми тағылымдамадан өтті. Тағылымдама «Болашақ бастауыш сынып педагогтерінің тілдік құзыреттерін меңгеруіне эмоциялық-мотивациялық факторлардың әсерін жасанды нейрондық желілерді пайдалану арқылы зерттеу» атты халықаралық жоба аясында жүзеге асырылды (03.04.2025 ж. № 05-04/250 бұйрық негізінде). Бағдарлама барысында зерттеуші ақпараттық-коммуникациялық технологияларды зерттеу орталығында (CITIC-UGR) жұмыс істеді. Гранада университетінің есептеу техникасы, автоматика және робототехника кафедрасының профессоры Javier Medina Quero және Aurora Polo Rodríguez қауымдастырылған профессорымен бірлескен кездесулер өткізілді. Кездесулерде нейрожелі модельдерін педагогикалық практикаға енгізу әдістері талқыланып, Қазақстан мен Испаниядан алынған зерттеу деректері салыстырмалы түрде талданды. Сонымен қатар, білім берудегі жасанды интеллект технологияларын қолдану бойынша ғылыми мақалалармен өзара алмасу жүзеге асырылды. Адлет Кариев университет кітапханасының ресурстарымен танысып, психолингвистика, нейробілім және оқу белсенділігін мультимодальды талдау бағыттарындағы мамандандырылған деректер базаларын зерттеді. Тағылымдама барысында ғылыми деректермен белсенді жұмыс жүргізілді. Бірлескен зерттеу нәтижелері бойынша мәдениетаралық айырмашылықтардың болмауы (Қазақстан: n=57, Испания: n=54), гендерлік ерекшеліктер (Қазақстанда: ерлер – «әлеуметтік пайдалық», әйелдер – «эмоцияларды реттеу»; Испанияда: әйелдер – «тіршілік қамы», p ≤ .050), сондай-ақ білімдік-танымдық, жайлы және коммуникативтік мотивтер арасындағы оң корреляциялар анықталды. Зерттеу нәтижелеріне негізделген қолжазба Journal of Education Culture and Society (Q1, Scopus) журналына жолданды. Тағылымдама халықаралық жобаны іске асырудың маңызды кезеңі болып, Абай атындағы ҚазҰПУ мен Гранада университеті арасындағы ғылыми әріптестікті нығайтуға, педагогика саласында нейрожелі талдаудың заманауи әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді. Сонымен қатар, бұл тәжірибе алдағы уақытта HORIZON Europe және Erasmus+ бағдарламалары бойынша бірлескен гранттық жобаларды әзірлеуге негіз қалады.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|