
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
04.11.2025
«Білім негізі – бастауышта» атты жайдарман сайысы өтті
2025 жылдың 31 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Педагогика және психология факультеті, «Бастауыш білім беру» кафедрасының 1-курс студенттері арасында «Білім негізі – бастауышта» атты жайдарман сайысы өтті. Іс-шараның мақсаты – студенттердің шығармашылық қабілетін, тапқырлығын және командалық рухын дамыту. Сайыс екі кезеңнен тұрды: 1. Таныстыру – «Алғашқы қадам» 2. Үй тапсырмасы – «Менің таңдауым – жарқын болашағым» (Жасанды интеллект элементтерін қолдану арқылы) Әділ қазылар алқасы болып п.ғ.д., профессор Амирова А.С., ППФ деканының әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Құрманғали Е.Қ., п.ғ.м., аға оқытушы Абдыкадыров А.О., п.ғ.к., профессор Лебедева Л.А. тағайындалды. Сайысқа «Болашақ», «Eduverse», «7 қазына», «Күлкі FM», «Махрипа Харипулаевна» атты бес команда қатысты. Нәтижесінде «7-қазына» тобы ерекше өнерімен көзге түсіп, бас жүлдені иеленіп, бағалы сыйлықпен марапатталды. Бұл сайыста командалық жұмыс арқылы студенттер бір-бірімен ынтымақтаса әрекет етуге үйреніп, көшбасшылық пен жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыра алды. Нәтижесінде, студенттердің кәсіби және тұлғалық дамуына үлкен мүмкіндік берілді. Ұйымдастырушылар: Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, PhD Ж.Е. Жұмаш, оқытушылар А. Ауезхан, Ж. Бостанова.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|