қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2025

“Ұлт рухын оятқан Міржақып” атты мерекелік іс-шара

 

2025 жылдың 12 қарашасында М.Дулатов атындағы №136 мектеп-гимназиясында ұлт қайраткері, жазушы Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналған “Ұлт рухын оятқан Міржақып” атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға Міржақып Дулатовтың немерелері мен шөбересі, сондай-ақ танымал режиссер Қалила Омаров арнайы қонақтар ретінде шақырылды. Іс-шараны ұйымдастыруға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 6B01302 – Бастауыш білім беру бизнес инновациямен білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері — Шүкірғали Гүлайым, Қараманова Дана, Асқарқызы Жібек және Мұңдызбай Торғын — белсене атсалысып, мазмұнды бағдарламаның жүзеге асуына үлес қосты. Сонымен қатар шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары Жанкушков Бауыржан Оразайұлы, Қалбергенова Шолпан және Амангелдіқызы Ажар қатысып, ұйымдастырушы студенттерге қолдау көрсетті. Іс-шара Міржақып Дулатовтың тағылымға толы мұрасын дәріптеп, жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеруге бағытталды.


  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу