
Бастауыш білім беру кафедрасы | Басты / Факультеттер / Педагогика және психология факультеті / Кафедралар / Бастауыш білім беру кафедрасы / Жаңалықтар
18.11.2025
«Менің мамандығым – педагог» X Халықаралық эссе байқауының қорытындылары
2025 жылғы 18 қараша күні «Менің мамандығым – педагог» атты Халықаралық эссе байқауының қорытындылары жарияланды. Биылғы жылы байқауға жетекші педагогикалық және гуманитарлық жоғары оқу орындарының студенттерінен 60-тан астам жұмыс келіп түсті.
Қатысушылар қатарында – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Самара мемлекеттік университеті, Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Дағыстан мемлекеттік университеті, Алтай мемлекеттік педагогикалық университеті, Көкшетау университеті, Қазан федералдық университеті, Ферғана мемлекеттік университеті, Нукус мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері бар.
Байқау жеңімпаздары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапатталды, барлық қатысушыларға – қатысқаны туралы сертификаттар, ал қазылар алқасының мүшелеріне – алғыс хаттар табысталды.
Абай атындағы ҚазҰПУ Бастауыш білім беру кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы және NGS мектебінің мұғалімдері қазылар алқасының жұмысына белсенді қатысты. Комиссия құрамына п.ғ.к., профессор Лариса Лебедева, п.ғ.к., профессор Асель Ақпаева, доцент Азаткүл Қыдырбаева, аға оқытушылар Динара Найманова, Екатерина Рябова, Бауыржан Жанқұшқов, Шолпан Қалбергенова, Әсем Әуезхан және педагог-зерттеушілер Ирина Александровна Апенко, Раушан Қыдырбаевна Бекмуратова, Дана Қанаевна Рыспекова енді.
Қазылар алқасы педагог мамандығының мәнін терең түсіну және авторлардың жеке көзқарасын жоғары бағалады. Әсіресе, қарқынды өзгеріп жатқан әлемде мұғалімнің рөлін айқын ашып көрсеткен эсселер ерекше назар аудартты. Көптеген жұмыстар мазмұндылығымен, өзектілігімен ғана емес, сонымен бірге автордың дара стилімен, ойлау ерекшелігі мен шығармашылық көзқарасымен де әсер қалдырды.
Модератор – магистр, оқытушы Бахтиярқызы Динара.
Барлық қатысушылар мен жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|