қазақша · русский · english
 
 
 
16.04.2018

«Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасының доценті Аскен Маханованың «Көктемгі жаңару» фортепианолық музыкадан өткен концерті

 

2018 жылдың 14 сәірі күні дәстүрге айналған 1 курс орыс бөлімінің студенттерінің фортепианолық музыкадан концерті болып өтті. Концертте бастауыш мектептің репертуарынан балаларға арналған әндер, халық әуендері, Абайдың әндері, батыс еуропа композиторларының шығармаларынан үзінділер және кинофильм әуендері аспапта орындалды.

 

Сценарий студенттердің өз күшімен әзірленді, бірақ негізгі жүктемені және ұйымдастыруды Ирина Роменских атқарды.

 

Концерттік бағдарламаны жүргізушілер Ирина Роменских, Назугум Абдулла және Динара Самбет үш тілде хабарлады.

 

Студенттер көктемгі көңіл- күйді орнатуға, концерт өтетін аудиторияны ерекше қиялмен безендіруде шығармашылық танытты.

 

Концерттің тыңдармандары «Педагогика және психология» институтының басшылығы, кафедра меңгерушісі Әзия Жұмабаева, ата-аналар, студенттер және фортепианолық музыканың жанкүйерлері болды.

 

Бұған дейін ешқашан қандай да бір аспапта ойнап көрмеген студенттер қысқа мерзім ішінде фортепианода ойнаудың алғашқы дағдыларын меңгеріп, көрермендерге өз өнерлерін көрсетті.

 

Студенттердің өнеріне барлық тыңдаушылар тәнті болды. Концерттің өз деңгейінде өткеніне қанағаттанған студенттер әсерлерімен бөлісіп, естелікке суретке түсіп, ұзақ пікір алмасты. Концертке қатысушылар:

1. Абдулла Назугум

2. Гасанова Халида

3. Голиков Евгений

4. Жумабек Акбота

5. Кадырова Юнель

6. Лагода Ирина

7. Манахова Анастасия

8. Роменских Ирина

9. Самбет Динара

10. Ткачева Алина

 

         

 

          




Кері оралу