қазақша · русский · english
 
 
 
20.11.2025

«Мұғалімнің критериалды бағалау жүйесіндегі рөлі» тақырыбында ашық семинар

 

2025 жылғы 20 қараша күні, Бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының кандидаты Жораева Сауле Базарбайқызы «6B01303 – Бастауыш білім беру (ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен)» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттеріне «Критериалды бағалау технологиялары» пәні бойынша «Мұғалімнің критериалды бағалау жүйесіндегі рөлі» тақырыбында ашық семинар сабағын өткізді.

 

Сабақтың мақсаты: мұғалімнің критериалды бағалау жүйесіндегі рөлі мен функцияларын ашу, оқу жетістіктерін жоспарлау, жүзеге асыру және талдау бойынша практикалық тәсілдерді көрсету.

 

Сабақ барысында шығармашылық тапсырмалар, өзара бағалау, кейс-әдістер, топтық жұмыс, миға шабуыл, рөлдік ойындар және рефлексия тәсілдері қолданылды.

 

Студенттер оқу үдерісіне белсенді қатысып, пікірталас жүргізіп, дебатқа түсіп, рөлдік тапсырмаларды орындады. Олардың тақырыпты толык меңгергендігі және сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары деңгейде екендігі байқалды.

 

 

  alt=  

  alt=  

  alt=  

  alt=  




Кері оралу