қазақша · русский · english
 
 
 
22.11.2025

Бастауыш сынып оқушыларына арналған VI Халықаралық өлкетану математикалық есептері студенттік конкурсының қорытындылары


Бастауыш сыныптарға арналған VI Халықаралық өлкетану математикалық есептері студенттік конкурсына Қазақстан, Ресей және Өзбекстанның 12 университетінен 140 жұмыс ұсынылды. Бұл – студенттердің этноматематикаға, туған өлке тарихына және өлкетанулық мазмұндағы есептер құрастыру әдістемесіне деген қызығушылығының тұрақты түрде артып келе жатқанын көрсетеді.

Жұмыстар мазмұнының әртүрлілігімен, жергілікті материалды терең пайдалануымен және өзіндік әдістемелік шешімдерімен ерекшеленді. Ең үздік, авторлық және ең тың жұмыстар 1 орынды иеленді, олар жоғары педагогикалық, зерттеушілік және әдістемелік дайындық деңгейін көрсетті.

Конкурсқа қатысқан 12 ЖОО: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы) — 29 жұмыс; Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы) — 44; Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті (Қостанай) — 24; Волгоград мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті (Ресей) — 18; Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті (Қарағанды) — 8; Ферғанә мемлекеттік университеті (Өзбекстан) — 7; Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті (Атырау) — 2; Сулейман Демирел Университеті (SDU) (Алматы) — 1; Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті (Қызылорда) — 1; Кубань мемлекеттік университеті (Ресей) — 1; Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (Ресей) — 1; Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті (Ресей) — 4.

Қазылар алқасының құрамы: Алматы қаласындағы 5 мектеп мұғалімі, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің (Ресей), Пермь мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің (Ресей), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ ұйымдастырушылар – Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары.

Конкурс ұйымдастыру комитеті:

Лебедева Лариса Анатольевна — педагогика ғылымдарының кандидаты, Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры.

Акпаева Асель Бакировна — педагогика ғылымдарының кандидаты, Бастауыш білім беру кафедрасының профессоры.

Артамонова Виктория Ивановна — бастауыш сынып мұғалімі, КММ «Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп».

Камбарова Анар Сматовна — бастауыш сынып мұғалімі, КММ«№132 гимназия».

Байзакова Таншолпан Таубаевна — «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 1 курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ.

Конкурс хаттамасы сілтеме бойынша қолжетімді:https://docs.google.com/document/d/10iwQQLBzQqHt7om5q9INMzkfWfv-dqYZ/edit?usp=sharing&ouid=111749762548662608163&rtpof=true&sd=true

 

 

 


  alt=  

  alt=  

  alt=  

 




Кері оралу