қазақша · русский · english
 
 
 
28.11.2025

Абай атындағы ҚазҰПУ-де болашақ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған TEDx форматындағы идеялар фестивалі өтті


 2025 жылғы 24 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Білім алушылар арасындағы кәсіби коллаборация – университеттік ортада білім алмасу мен зерттеу жүргізудің жаңа форматы» атты ғылыми-зерттеу жобасы аясында TEDx форматында «Болашақ бастауыш мұғалімі: идеядан – іске, білімнен – шабытқа» атты идеялар фестивалі өтті.

Фестивальге «Бастауыш білім беру» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын төмендегі оқу орындарының білім алушылары қатысты:

• Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;

• Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

• SDU University;

• Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті;

• №1 Алматы қалалық педагогикалық колледжі.

TEDx форматындағы фестиваль барысында қатысушылар авторлық жобаларын, тың педагогикалық идеяларын және зерттеу жұмыстарын ұсынды.

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры М. Жақауов, Педагогика және психология факультетінің оқу ісі жөніндегі декан орынбасары А. Ақжолова, Бастауыш білім беру кафедрасының меңгерушісі А.Е. Жұмабаева, әлеуметтік-тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Е. Құрманғали қатысты.

Сыртқы сарапшылар ретінде №202 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Құрбанова, №202 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері М.Махабаева және №207 орта мектеп мұғалімдері А.Қайнулдина, ішкі сарапшы Н.Тасболатова шақырылды.

Фестиваль қорытындысы бойынша:

1-орын (70 000 тг) – Абай атындағы ҚазҰПУ «Bilim Vectory» ұйымының студенттері;

2-орын (50 000 тг) – Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті;

3-орын (30 000 тг) – SDU University;

4-орын (15 000 тг) – №1 Алматы қалалық педагогикалық колледжі; 

5-орын – ынталандыру сыйлығы – АГЭУ.

 

 

Іс-шараның ұйымдастырушылары: жоба жетекшісі – Базарбекова Р. Ж., жоба мүшесі – Еркебаева С. Ж., «Bilim Vectory» клубының жетекшісі – Амангелдіқызы А.

Фестиваль болашақ педагогтердің кәсіби әлеуетін арттырып, жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.

 

 

  alt=  


  alt=  



  alt=  




  alt=  





Кері оралу