қазақша · русский · english
 
 
 
29.11.2025

Абай университетінде жасанды интеллект саласындағы халықаралық тәжірибе: профессор Бахыт Алипованың визиті


 27 қараша 2025 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде маңызды және шабыттандыратын кездесу өтті. «Бастауыш білім» кафедрасына АҚШ-тың Шығыс Кентукки университетінің ассоциирленген профессоры, қолданбалы математика және жасанды интеллект саласындағы ғалым Бахыт Алипова келді. Профессор Алипованың АҚШ, Германия және Қазақстан университеттерінде бай халықаралық тәжірибесі бар.

28 қарашадан 27 желтоқсанға дейін профессор Алипова университеттің оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға арналған «Білім беру саласында жасанды интеллект» тақырыбында лекциялар, практикалық сабақтар және шеберлік сыныптарын өткізеді. Сонымен қатар, магистранттар мен докторанттарға ғылыми-зерттеу тақырыптары бойынша жеке консультациялар жүргізетін болады.

Кездесу барысында профессор Алипова Педагогика және психология факультетінің уақытша деканы Гүлмира Ниетбаева, «Бастауыш білім» кафедрасының меңгерушісі Азия Жумабаева және кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамымен танысты. Ғалым өзінің ғылыми қызметі, жасанды интеллект пен есептеу моделдеудегі негізгі жобалары туралы айтып, кафедра оқытушылары, жас ғалымдар және студенттермен ынтымақтастық жоспарларын бөлісті.

 

 

  alt=  


  alt=  

 




 





Кері оралу